Ұлпан романы не себепті Ұлпан деп аталған?

0 дауыс
409 қаралым
1. Роман не себепті «Ұлпан» деп аталған? Ойларыңды мысал- мен түсіндіріңдер.
2. «Менің Джокондам Ұлпан». Жазушының қойын дәптеріндегі осы бір сөйлемнен нені ұғамыз? Джоконда кім? Ол туралы не білеміз? Ұлпанды жазушы неге осы бейнеге теңдестірді? Сендер кімге ұқсатар едіңдер?
3. Есеней Ұлпанды не себепті «Ақнарым» деп атаған? Романнан үзінді келтіре отырып түсіндіріңдер.
4. Ұлпанның «арзанға түспейтін қыз» екенінде қандай мән жатыр?
Мектеп

2 жауап

0 дауыс
Оқушылармен сәлемдесу.Оқушылардың сабаққа қатысымын, дайындығын тексеру.Оқушыларды екі топқа біріктіру.   Тренинг ұйымдастыру: «Мен ғажаппын». «Адамзат табиғаттарының терең қасиеттерінің бірі адамдардың өз дәрежесінде бағалануына деген құштарлық болып табылады» деп Уильям Джеймс айтқандай, әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соншалықты лайық болады. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек.   /Сабақ алдында психологиялық тренингке қатысады/  Сабақтың мақсаты мен бағалау  критерийлері түсіндіріледі.  Тапсырма алды кезеңі  Не білеміз?  1. Роман не себепті Ұлпан деп аталған? Ойыңды мысалмен түсіндір.  2. Есеней Ұлпанды не себепті Ақ нарым деп атаған?   Романнан үзінді келтіре отырып түсіндір.  3. Ұлпан кімді өзіне аға тұтты, не себепті? Бұл жерден Ұлпан бойындағы қандай қасиетті байқадың?  4. Романда қандай жыр-дастандардың аты аталады? Мәтіннен үзінді келтір?  5. Романдағы Ұлпан бейнесі қазіргі кездегі әйел басшылардың бейнесімен салыстыр.  6. Ұлпан Есенейге қосылуға не себепті келісім берді? Бұл келісімге сенің көзқарасың қандай?  7. Ұлпанның өмірден ерте кетуіне не себепші болды? Ұлпан тағдыры туралы өз ойыңды айт.  8. Романда суреттелген қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы өз ойыңды айт. Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар дегенді қалай түсінесің?          «Пікірталас» әдісі бойынша Ұлпан-ел анасы бола білді ме?  Егер, сен Ұлпан ананың орнында болсаң не істер едің? тақырыбында оқушылар пікірсайысқа түседі.(Жақтаушы және даттаушы жақтардың пікірлерін тыңдау).    Дескриптор:  • Тақырып төңірегінде өз ойларын айтып талқылайды.  • Талқылай отырып, мысал келтіре отырып дәлелдейді.  • Өз пікірін нақты дәлеледер келтіре отырып,өмірмен байланыстырып, құнды пікірлер айтады.     Не білдік?  Шығармашылық жұмыс  Тапсырма       «Ұлпан» - ел шежіресінің мазмұнына құрылған роман. Романда қазақ ауылының жүзжылдық тұрмысы,әдет-ғұрпы, барымта, қалың мал беріп қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде сөз болады. Романдағы басты кейіпкер Есеней қалың керей-уақтың билігін қолына мықтап ұстаған аузы дуалы би, атақты бай. Ерекше кейіпкердің бірі – Ұлпан» деген ойды өрбітіп жазыңыз.     Қолдауды қажет ететін оқушыларға:  Өз көзқарасыңызды дәлелдеуде берілген үзінділерді қажетінше қолданыңыз.  1.Ұлпан - ақылы көркіне сай қыз. Ұлпанның көрмегені жоқ. Ол сонда да өзін батыл ұстаған. Ұлпанның мінезі, даналығы мені қызықтырды. Жарын құрметтеуі, жоғары бағалауы, еліне қамқор болуы.   2.Есеней - Ұлпаннан қырық жас үлкен болса да, сыйластықпен, сүйіспеншілікпен бар өмірін осы кісіге арнаған.   3. Ұлпандай тарихи адам өмірінің тарихи шындығын жазушы асқан дәлдікпен суреттеп, өз ортасынан оқшау шыққан адам екенін көрсетіп, қаһармандық қасиеттерімен әрлейді. Батырдың ерке қызы шаңырақтың берекесі, үйдің киесі болып, жоқты бар, азды көп етіп отырады. Он саусағынан өнер тамған Несібелі ананың ұяда берген тәрбиесінің арқасында Ұлпанға тек Есеней ғана емес, бүкіл ел қызығып, сүйсінген.   Қабілетті оқушыларға:      Тағылым берерлік, ырғағы бар, тәжірибеде көп қолданылатын бейнелі, нақыл сөйлемдерді қолдана отырып өз көзқарасыңды дәлелдеп жаз.   "Сорлының зары арлыға кездескей", "Малым -жаным садағасы, жарым - арым садағасы", "Байлық - бір жұттық, батыр - бір оқтық", "Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар", "Құдыққа құлан құласа, құрбақа құлағында ойнар", "Қыс азығын жаз жимай, жарлы қайдан байысын", "Баласыз әйел - панасыз әйел", "Жақыныңды жаттай сыйла, жат көңілінен түңілсін".     Дескриптор:  • Тапсырма орындауда өз көзқарасын білдіреді;
0 дауыс

Мұхтар Мағауиннің «Ұлпан» романы – қазақ халқының тарихындағы әйел тағдыры мен ел басқарудағы рөлін шебер суреттеген туынды. Сұрақтарыңа жауаптарды ретімен қарастырайық:

1. Роман не себепті «Ұлпан» деп аталған?

Романның басты кейіпкері – Ұлпан есімді қазақ қызы. Ол тек отбасының ғана емес, бүкіл елдің қамын ойлап, ақылдылығымен, парасаттылығымен, әділдігімен халық жадында қалған жан. Ұлпан – ел анасы, елдің қамын жеген, халықты бірлікке шақырған тұлға. Романның атауы оның тұлғалық қасиеттерін, тағдырын және тарихи рөлін айқындайды.
Мысалы: Ұлпан өзінің халықты ашаршылықтан құтқару үшін, әділдік орнату үшін түрлі батыл қадамдарға барады.

2. «Менің Джокондам Ұлпан».

Жазушының қойын дәптеріндегі бұл сөйлемде автор Ұлпанды Леонардо да Винчидің атақты «Мона Лиза» (Джоконда) бейнесіне теңейді. Джоконда – жұмбақ, сырлы, мейірімділік пен парасаттың символы. Ұлпан да – қазақ халқының ұлттық бейнесін, аналық мейірімін, даналығын өз бойына сіңірген кейіпкер.
Автор үшін Ұлпан – қазақ әйелінің сұлулығының, даналығының көрінісі.
Егер сендер Ұлпанды басқа бейнемен теңестірсеңдер, оны Томириске немесе Домалақ анаға ұқсатуға болады.

3. Есеней Ұлпанды не себепті «Ақнарым» деп атаған?

Есеней Ұлпанға ерекше құрметпен, сүйіспеншілікпен қарайды. Ол үшін Ұлпан – ақылды, мейірімді, ел қамын ойлайтын жан. «Ақнарым» деген сөз – Есенейдің Ұлпанға деген жылы сезімі мен ақ адал көңілін білдіреді.
Мысалы: Романда Есенейдің Ұлпанға:

«Сен менің ақнарымсың, өмірімнің мәнісін түсіндірген жарығымсың...» — деген сөздері оның ішкі сезімін, сүйіспеншілігін айғақтайды.

4. Ұлпанның «арзанға түспейтін қыз» екенінде қандай мән жатыр?

Ұлпан – жай ғана сұлу қыз емес, ол ақылды, білімді, халықтың мүддесін ойлайтын, рухы биік тұлға. «Арзанға түспеу» деген – оның өз қадірін білетін, ешкімге жағынбайтын, халық мүддесін бәрінен биік қоятын тұлға екенін көрсетеді.
Мысалы: Ұлпан ешқашан жеңіл шешім қабылдамайды, әр істе елінің болашағын ойлайды.

Қорытынды:
«Ұлпан» романы – қазақ қызының даналығы мен қайсарлығын, ел үшін жасаған ерен еңбегін көрсететін туынды. Ұлпан – тек бір отбасының емес, тұтас елдің ардақты анасы, халық жадында қалған ұлы тұлға.

127,718 сұрақ
322,363 жауап
153,238 пікір
72,721 қолданушы