Түнерген бұлттың артынан, міндетті түрде жарқырап күн шығары хақ. Өмірдің ащы сынағына төтеп бергендер, гүлдей жайнап бәрін басынан бастайды.
Енді ойланып қараңыз, ішкілік ішкеннен мәселеңіз шешіліп жатыр ма?!
Неге ішкілікке емес, Аллаға жақындауға тырыспаймыз?! Намаз, Құран оқуды қолға алыңыз. Дұға, салауат, зікір жасаңыз.
«Аллаһу та'ала былай деп бұйырды: Ей адам баласы, маған серік қоспай құлшылық етсең, істеген амалыңның сияпатын беремін. Дұға ету сенен, қабыл етіп, беру Менен.» (Табарани)
Аллаһу та'ала: «Дұғаларыңды қабыл етемін, қолдарыңды бос қайтармаймын» деп бұйырған. Демек, біздің тілеген дұғаларымыз босқа кетпейді. Кітаптарда былай делінеді: Дұғаның арқасында күнәлар кешіріледі немесе бір бәленің алды алынады немесе келген бәле кетеді немесе ақыретте мол сауапқа қауышылады. (Шира)
Демек, дұғаның арқасында күнәларымыз кешіріледі, келетін бір ауру, бәле-жала бар болса, қайтарылады, келген бәле немесе дертіміз болса, олар кетеді немесе мол сауапқа қауышады екенбіз. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Дұға еткен адам үш нәрседен құр қалмайды: Күнәсі кешіріледі немесе дұғасының қайырлы нәтижесін (сияпатын) көреді немесе ақыретте марапатқа ие болады.» (Дәйләми)