Туған бауырың жаман болса, ол адамнан қалай кетіседі, әлде талақ айту керек пе?

0 дауыс
622 қаралым
Отбасындағы кейбір мәселелер.
Жанұя

1 жауап

0 дауыс

Хадис: «Жақын туыстарымен қарым-қатынасты үзген адам жаннатқа кірмейді»,– (Бухаи, Әдәб 11) деп, мұсылмандарға қатаң ескерту жасаған.

 Алланың Елшісі: «Кім ырыздығының көбейіп, өмірінің ұзарғанын қаласа, туған-туыспен жақсы қарым-қатынасын үзбесін» (Бухари, Әдәб, 12).

Егерде қандай да бір мұсылман өзге мұсылман бауырымен қырқысып, бір-бірінің қателерін кешіре алмай, көңілдері жараспай жүрген болса онда оларға мына бір төмендегі сөздерді көңілдеріне түйіп алғандары жөн.

Біріншіден, егер сіз мұсылман бауырыңызбен қандай да бір мәселе төңірегінде келісе алмай немесе сөзге кеп қалып бір-біріңізге қатты сөз айтып қалсаңыздар сіз ең бірінші осы нәрсеге кінәлі өзім деп білуіңіз керек. Себебі сіз сол сәтте шайтанның азғыруына еріп нәпсіңізге бой алдырып қойған боласыз. Негізінде шайтанның ең сүйікті істерінің бірі екі мұсылманның арасына от салу болып табылатындығы хадистерде айтылған. Сонымен қатар пенденің кемшілікті өз бойынан іздеп өз-өзін жазғыруы кемелдікке бастар алғашқы қадамы боп есептеледі. Құранда Жаратушы Жаббар Иеміз өз-өзін жазғырған нәпсіменде ант етуі көп нәрсені ұқтырып тұрғандай. («Қиямет сүресі, 2 аят)

Екіншіден, бауырыңыз сізге қандайда бір ауыр сөз айтып қалса егер сіз оны шын мәнінде Алла разылығы үшін жақсы көрген болсаңыз оған еш ренжімей оның дәл сол сәтте әлсіздік танытып ібілістің айдауына еріп кеткеніне жаныңыз ашуы керек. Мұсылман бауырыңыздың дәл сондай кемшілігін байқасаңыз онымен ренжіспей қайта оның сол мінезін тастауына Алла тағаладан дұға тілеп, оның көркем мінезді мұсылман болуын іштей қатты қалауыңыз міндетті. Себебі, Әнәс ибн Мәлик жеткізген хадисте пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: «Кімде-кім өзіне қалағанды өзге бір бауырына қаламайынша толық иман келтірген боп есептелмейді»,-деген. (Бұқари, Муслим). Оның үстіне бір мұсылман өзге мұсылман бауырына үш күнне артық ренжуіне болмайды деген ммағынадағы ақиық елшінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, хадисі бар.

Үшіншіден, сіздің «менің пікірім немесе менің жолым дұрысырақ» деп айтуыңызға болар ал бірақ «тек қана менің жолым ғана дұрыс» деп айтуыңызға болмайды. Қазіргі әлемдегі түрлі бүліктер дәл осындай «тек қана менің пікірім дұрыс. Мен секілді ойламағандардың бәрі адасқан» деген жаңсақ пікірден туындап жатады. Қашанда ақиқат пен мақсат бір болғанмен оған жету жолдары әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан парасатты адам өз пікірін құп көргенмен өзгелердің де пікірлеріне құрметпен қарауы керек.

Төртіншіден, әрбір адам тек шындықты ғана айтуы тиіс болғанмен әрбір шындықты айта беруіне рұқсат жоқ. Мысалы бауырыңыздың бойындағы жаман мінезі шындық болса да егер сол шындықты яғни кемшілігін бетіне басып, айыбын ашу мақсатында айту өте жаман нәрсе. Асылында бір мұсылман өзге мұсылман бауырын тәрбиелегісі келсе қателіктерін тізіп, масқарасын шығарып тәрбиелемейді. Құран мен пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өсиеттері бізге адамзатты ыстық мейіріммен тәрбиелеуге үндейді.

Бесіншіден, егер сіз біреумен бір мәселеде сөз таластыра қалсаңыз сіздікі дұрыс бола тұра тартыстан бастаруыңызда ақиық елшіміздің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, хадистерінде мақталған іс. Әбу Умама риуаят еткен хадисте ғаламның рақым нұры ардақты пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: «Өзінікі дұрыс бола тұра сөз таластырудан бас тарқан адамға жәннаттың шетінен үй уәде етемін...»,-деген.

127,692 сұрақ
322,280 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы