0 дауыс
249 көрілді
Менің саныма 4теміреткі шықты. Екінші аяғым да қышып жатыр қорқамын қалй құтылуға болады. Ол неден жұғады

1 жауап

0 дауыс

Теміреткі — ауру адамнан адамға, ауру үй жануарлар мен жабайы жануарлардан адамға жұғатын терінің жұқпалы ауруы.

Аурудың қоздырғыштары қарапайымдар тобына жататын саңырауқұлақтар. Терінің ылғалдылығы аурудың қоздырғыштары үшін қолайлы қоректік орта болып табылады.

Ауру көбінесе адамдардың бетінде, бастың шашты бөлігінде, мойындарында, қолында, яғни дененің ашық жерлерінде кездеседі.

Ауру жұқтырған күннен бастап 2-3 аптадан кейін аурудың белгілері басталады. Науқас аздап қышуды байқайдайды. Зақымданған тері қызарып, кейде іріңдейді.

Дер кезінде емделмесе ауру созылмалы түріне ауысуы мүмкін.

"Теміреткі" ауруы кезінде емдеуді тағайындау үшін дерматологпен байланысу қажет.

"Теміретті" емдеу үшін келесі әдістерді қолдануға болады:

-Асқазан-ішек жолдары мен психикалық жағдайды тексеру. 

-Витаминдер қосылған Диета. 

-Белгілі бір препараттарды қолдану: транквилизаторлар, антидепрессанттар, антигистаминдер, вирустық препараттар, иммундық модуляторлар. 

-Тері көріністерін азайтуға көмектесетін стероидты жақпа қолдану (синофлан, лоринден, фторокорт, флюцинар). 

Ауыр жағдайларда науқастың жеке ерекшеліктеріне байланысты басқа да дәрі-дәрмектер тағайындалуы мүмкін.

...