Тәкаппар Біржанды Сара қандай жауаппен тойтарады?

0 дауыс
481 қаралым
Тәкаппар Біржанды Сара қандай жауаппен тойтартады?
• Санаты: Мектеп

1 жауап

0 дауыс
Сал Біржан, жүріп кетті амандасып,

Екі күн арпалыстым табандасып.

Шіркінге қимағаннан жорға бердім,

Басында сөйлессем де жамандасып.

«Хош Біржан, сау бол,— дедім сағым — керім,

Арда күрең жігітсің әлім-берім.

Қашан өзің өлгенше есіл көзел,

Күнде той, күнде жиын жүрген жерің.

Жүре көр ақын Біржан бізді сұрай,

Тысқары топырақтан қылса құдай,

Аптығып Арғынсынып сандырама,

Көзіңе қыз көрінсе мұнан былай.

Жолықтым атағыңа құмар едім,

Болмаса келместей ғып сығар едім.

Сыйладым сағын, жерде қалмасын деп,

Аттатпай адымыңды қияр едім.

Боп қалды бір көргенім көз таныстай,

Сен-дағы жол бермедің бір қалыспай.

Есекем керек болса бере қалмас,

Кісідей қарапайым бір салыспай».

Тәмат тәмәм.

Ұқсас сұрақтар

127,776 сұрақ
322,351 жауап
153,150 пікір
72,811 қолданушы