0 дауыс
283 көрілді
Туған ағамның тойы соған тілек тос аиту керек

1 жауап

0 дауыс
«Ағасы бардың жағасы бар»,
Асқар таудай панасы бар.
Алдыңа бастау жолды көрсететін,
Жанашыр адал көңіл санасы бар.
Аман жүр,аға, жеңгеммен,
Жан бар ма саған тең келген.
Несібең тасып, бақ қонып,
Тірегім болшы дем берген.

******************

Сендерге нәзіктік мен шынайы махаббат, сенім мен түсіністік, бақыт тілеймін. Барлық жерде бір-біріңе қолдау көрсете біліңдер. Бір-бірің үшін өмірдің тірегі мен мән-мағынасы болыңдар. Шаңырақтарыңнан тыныштық пен молшылық, мейірімділік пен жылулық кетпесін, үйлерің сәбидің қуанышты күлкісіне толсын. Бірге өткізген әрбір сәтті бағалай біліңдер. Өмір атты өзендерің тұнық, суы мөлдір, арнасы терең, бай болсын. Алла сендерге барлық бастамада қолдау көрсетсін. Ұстасқан қолдарың мәңгі болсын!

**************

Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Дос-жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!

https://surak.baribar.kz/276072/
...