0 дауыс
Сыздауықтың беті жарылып ауырып жатыр. Беті жарылған болсада вишневский жакса боладыма?
29.10.2024
санатын ауыстырды 947 қаралым

1 жауап

0 дауыс
Сыздауық шыққан жерге ихтиол немесе вишневский мазьдарының біреуін мол етіп жағып, орап таңып қою керек, болмаса оның орнына алоэ жапырағын немесе каланхоэ жапырақтарын сыздауықтың үстіне басып таңып қоюға болады. Аузы шығып ірің көрінген кезде хирургке барса, таза стерилденген хирургиялық құралдармен іріңнен тазартып жуып таңып береді. Егер сыздауықтың әсерінен дененің ыстығы көтеріліп және без ісініп жатса, яғни лимфоузель үлкейіп жатса, онда тезірек дәрігерге бару керек ол қауіпті. Сыздауық қайта қайталап шыға беретін болса, онда ондай адамдар стрептококк немесе стафилококк микробтарының иесі болуы мүмкін, бұны орысша "бактерионосительство" дейді. Осындай микробтарға тексеріліп көру керек. Егер стафилакокк табылса, онда стафилкокк анатоксинымен емдеу қажет болады. Бұндай жағдайда қанның УФО-сын (Ультрафиолетовое облучение крови) жасатқан дұрыс.
02.11.2024
127,956Сұрақ
322,866Жауап
153,167Пікір
72,970Қолданушы