Әкелікті анықтау ерікті түрде, кейде сот органдарының араласумен жүзеге асып жатады. Бұл туралы «Неке және отбасы» туралы заңында егжей-тегжейлі жазылған. ҚР «Неке және отбасы» заңының 47 бабы бойынша некеге тұрмағандардың арасында дау туындаған жағдайда анасының арызы бойынша сотта қаралады. Азаматтық процессуалдық кодекстің 91 бабының 8 тармағы бойынша екі жақтың бірі тексеруден жалтарса, тексеруге қажетті материалдарды өткізуден бас тартса, осыған байланысты қиындықтар туындатса онда сот кімнің кінәлі екеніне қарамастан әкелікті тануға шешім шығара алады. Соттың экспертиза тағайындауын орындамағандар сотты құрметтемегені үшін айыппұл төлеуі мүмкін. Тексеруден өту үшін үштіктің құрамы толық болуы керек. Яғни әкесі, анасы, баласы үшеуі бірдей зертханаға анализ тапсырады. Сотта әкелікті анықтау мен алимент бір-бірімен тығыз байланысты. Жоғарыда айтылғандай, ата-аналардың барлығы бірдей балаларының алдында материалдық міндеттемелерді қабылдауға дайын емес. Бұл ананы немесе басқа мүдделі адамды сотқа жүгінуге мәжбүр етеді.
Қай жаста болсаңыз да анаңызға бар шындықты айтыңыз. Анаңызға бұл жаңалық ұнай қоймайды, бірақ сіздің дұрыс шешім қабылдауыңызға көмек береді. Өздігіңізбен шешім қабылдап түсік тастауға бармаңыз, қан тоқтамай қалуы мүмкін (өлімге алып келеді). Жігітті сотқа бере аласыз.