0 дауыс
245 көрілді
Қазақ хандығы болған кезде Орталықта және Шығыс , Солтүстік , Батыс өңірлерінде қандай қалалар бар
(Кәзіргі Қазақстан ішінде кіреді қалашықтар)

1 жауап

0 дауыс
Ең алғаш Қазақ хандығының құрамына қосылған Сырдария жағасындағы - Созақ және Сауран қалалары болды. XV ғасырдың соңында Сығанақ пен Түркістан аймағының солтүстік бөлігі Қазақ хандығының иелігінде қалды.

Сығанақ қаласы қазіргі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылынан солтүстікке қарай 20 шақырым жерде орналасқан. Қазіргі кезде қаланың орны - Сунақ-Ата қалашығы. XV-XVI ғасырларда Сығанақ қаласы Сыр өңірі немесе Дарияның жағалауындағы қалалары ішіндегі саяси-әкімшілік, сауда-айырбас, орталықтары ретінде ең ірі қаланың бірі болып саналады.

Сауран - ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған. Түркістанның солтүстік-батыс жағындағы 30 шақырым жерде орналасқан орта ғасырдағы қалалардың бірі.

Түркістан - V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет Яссауи кесенесі бар.
...