0 дауыс
549 көрілді
Виссал мырза ойраттар сөзінің мағынасы

1 жауап

0 дауыс

Мырза – Кеңес дәуіріне дейінгі қазақ қауымында ауқатты, беделді адамдардың есіміне қоса айтылған атау.

ВАССА'Л [ ауд.- қызметші]. Феодалдық құрылыста – қожайынға бағынатын жер иесі.

Ойраттар (батыс моңғолдар; қыт. элюттер, eleuths; мұсылм. қалмақ(тар), кейде жоңғарлар, орыс. джунгары, зюнгары, зенгоры, моңғ. ойрад, қалм. өөрд)

Бір-біріне жақын туыс болып келетін, Ресей Федерациясында (Қалмақия Республикасы), Қытай Халық Республикасында (Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданы мен Цинхай провинциясы), Моңғолияда (батыс аймақтар) мекендейтін түркітектес халықтарының тобы.

Батыс "моңғолдардың" орта ғасырлардағы атауы (XIII ғасырдан бері таныс). Ойраттар (ойрат-дорбенттер) түркі тұқымдас, олар қият руынан шыққан Тууа-Соқырдың (оның інісі Табын-Мерген Шыңғыс ханның арғы бабаларының бірі) төрт ұлынан тараған. Моңғол империясы ыдырағаннан кейін (XIV-XVI ғасырлар) ойраттар Дүрбен-Ойрат бірлестігін құрып, XVI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың басында бөлініп кетті. Жоңғарияны мекендеген тайпалардың бір бөлігі ешқайда көшпей Жоңғар хандығының негізін, бір топ Тибетке қарай бет алып, Кукунор (Хошоуыт) хандығының негізін, үшінші топ батысқа қоныс аударып, Қалмақ (Торғауыт) хандығының негізін қалаған.

...