0 дауыс
239 көрілді
Салеметсіз бе мен КНБ Алматы академиясына туским келеди

1 жауап

0 дауыс
Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери / арнаулы оқу орындарына қабылдау тәртібі

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел, техникалық және басшы қызметкерлерді дайындау, қайта дайындау және біліктілікті арттыру саласындағы арнаулы, көп салалы оқу орны.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының жоғары білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға іріктеу және қабылдау тәртібі «Арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабымен және ҰҚК Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы №2 бұйрығымен регламенттелген.
ҰҚК Академиясы қабылдауды мынадай оқу бағдарламалары бойынша жүргізеді:
Жоғары білім бағдарламасы бойынша (оқу мерзімі – 4 жыл), мамандығы – қарсы барлау қызметі.
Оқу мерзімі қысқартылған жоғары білім беру бағдарламасы бойынша (оқу мерзімі – 2 жыл), мамандығы – қарсы барлау қызметі, ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және технологиясы.
Қосымша білім бағдарламасы бойынша, қайта даярлау курстары (оқу мерзімі – 6 айдан кем емес).

Толығырақ ақпаратты egov электрондық үкіметінің веб-сайтынан алуға болады: https://egov.kz/cms/kk/articles/wkola_fknb?mobile=no
...