9 сынып бітіріп Нұр Мүбарак университетіне оқуға түсе аламын ба?

0 дауыс
408 қаралым
Мен мектеп оқимын. Колледж секілді 9 сынып бітіріп Нұр Мүбарак университетіне оқуға түсе аламын ба?
Университет, колледж

1 жауап

0 дауыс
Орта мектепті бұрын бітірген түлектер үшін, сондай-ақ, өзге де орта арнаулы, жоғары білім ордаларының түлектері үшін 1 маусымнан 20 маусымға дейін құжаттар қабылданады.

«Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті Университеті бакалавриат дәрежесі бойынша «Исламтану», «Дінтану», «Шетел тiлi: екi шет тiлi» (араб-ағылшын және ағылшын-араб тiлдерi) мамандықтары бойынша оқуға түсуге құжаттар қабылдайтынын хабарлайды.

Шығармашылық емтихандары шілденің 8-і мен 13-не дейін, кешенді тестілеу шілденің 14-і мен 18-не дейін өткізіледі. Осы жылғы орта білім беру мекемелерінің түлектері оқуға ҰБТ-ның қорытындысы бойынша қабылданады. Колледж- медресе түлектері үшін оқуға түсу емтихандары екі бөлімнен тұрады. Олар: Қазақстан тарихы пәнінен емхихан тапсыру және ислам негіздері бойынша ауызша емтихан тапсыру.

Қажетті құжаттардың тізіміне өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы, Аттестаттың түпнұсқасы немесе диплом, фотосурет 3x4 (8 дана), 086-У және 063 нысанындағы медициналық анықтамалар кіреді. «Исламтану» мамандығына түсу үшін наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерден және бұрын сотталмағандығы туралы анықтамалар ұсынуы қажет.

Айта кетейік, «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университеті - жоғары білікті исламтанушыларды, дінтанушы ғалымдарды, араб-ағылшын тілі филологтарын дайындайтын Қазақстандағы жалғыз университет болып табылады. Университет 2001 жылы Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы Үкіметінің арасында бекіген келісімнің негізінде құрылған.

Ұқсас сұрақтар

127,728 сұрақ
322,322 жауап
153,203 пікір
72,717 қолданушы