Архитектор мамандығына магистратура оқудын пайдасы бар ма?

0 дауыс
923 қаралым
Архитектор мамандығына магистратура оқудын пайдасы бар ма? Және магистратура оқып жүріп жұмыс жасауға болады ма?
Университет, колледж

1 жауап

0 дауыс

Алдымен магистр дәрежесінің пайдасын айтайық:

Егер колледж, университетке мұғалім болып жұмысқа тұрғың келсе, онда кемінде магистр дәрежесін талап етеді.

Мектепте мұғалім болсаң, ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр дәрежең үшін айлығыңа 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қосымша ақша қосады. Ол «Мұғалім статусы» туралы заңда көрсетілген.

Мемлекеттік қызметте істесең, кейбір жерлерде ғана пайдасы тиюі мүмкін, бірақ заңмен бекітілген нәрсе емес.

Енді магистратура оқудың пайдасын айтайық:

Магистратура оқып жүргенде жап-жақсы стипендия аласың.

Магистратура оқып жүріп, шетелге барып біліктілік арттыруға (негізі қыдыруға) барып қайтасың.

Ұл балалар әскерге бармауға сылтау қылуға жақсы.

4 жыл бакалавр тез бітіп қалғандай болып, азырқансаң, магистратура арқылы тағы 2 жыл созғандай боласың. Яғни, 6 жыл студенттік өмір сүресің.

Магистрдің дипломын көрсетіп, туысқандардан тағы да байғазы жинауға болады.

Енді магистратура оқудың зиянын айтайық:

2 жылың текке кетіп қалуы мүмкін.

Егер пайдасы тимейтін салада магистратура оқысаң, ол мүлдем пайдасыз болады. Әшейін сандықтың түбінде сарғайып жатады.

Төтесінен айтсақ, магистр дәрежесі бәріне бірдей пайдалы бола бермейді. Түспес бұрын пайдасы мен зиянын таразыға сал.

Кейбір мекемелерде магистратура оқып жүріп жұмыс жасауға тиым салынған.

127,667 сұрақ
322,157 жауап
153,245 пікір
72,695 қолданушы