0 дауыс
973 көрілді
29 шілде айында туылған атақты адамдар керек еді

1 жауап

0 дауыс

- 89 жыл бұрын (1923-1984) жазушы, аудармашы Антонов Василий дүниеге келді.Ақмола облысында туған. Ұлы Отан соғысына, Ленинград құрсауын бұзуға қатысқан. 

Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Алғашқы кітабы — сатиралық әңгімелер жинағы 1961 жылы жарық көрген. Көркем аударма саласында Ж.Тілековтің «Жоңғар даласында», Ө.Қанахиннің «Дәмелі», Ж.Босақовтың «Дүрбелең» романдарын орысшаға тәржімалаған.

- 79 жыл бұрын (1933) Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі Ухоботов Лев Леонидович дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтын бітірген. 1963 жылдан Алматы қаласында тұрып, Қазақстан қала құрылысын жобалау институтында жобалау тобының жетекшісі, бөлім бастығы, бас сәулетшісі қызметтерін атқарған. Оның жобасы бойынша (сәулетшілер Н.Рипинский, Ю.Ратушныйлармен бірге) Алматы қаласында Республика сарайы, «Қазақстан» қонақ үйі, т.б. ғимараттар салынды.

- 74 жыл бұрын (1938) техника ғылымының докторы, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры Бакиров Рашид дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Ташкент политехникалық институтын, мәскеудегі Н.Бауман атындағы Жоғары техникалық училищенің аспирантурасын бітірген. Қарағанды машина жасау зауытында, Қарағанды политехникалық институтында істеген. Ғалымның 100-ге жуық ғылыми жұмысы, 2 монографиясы, бірнеше оқу-әдістемелік еңбегі және авторлық куәліктері бар.

- 63 жыл бұрын (1949) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері Жұмабаев Ермек Жианшаұлы дүниеге келді.

Павлодар облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Баянауыл ауданы прокуратурасының тергеушісі, Павлодар облысы прокуратурасының аға тергеушісі, Индустриальный ауданы прокурорының орынбасары, Екібастұз, Май, Железинск аудандарының прокуроры қызметтерін атқарған. 1995 жылдан бері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен және үш медальмен марапатталған.

- 57 жыл бұрын (1955) Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Орталық Қазақстан» облыстық газетінің басшысы — бас редакторы Сембиев Мағауия Сланбекұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Аққора ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі, Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы, бас редактордың бірінші орынбасары, бас редактордың міндетін атқарушы, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде журналистика факультетінің аға оқытушысы, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде — 1997 жылдың қарашасынан.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері. Қазақстан Республикасының мерекелік медальдарымен марапатталған.

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының, бас редакторлардың Г.Толмачев атындағы сыйлығының лауреаты.

...