Нидерландтағы Гронингентік университет психологтары "бір көргеннен ғашық болу" феноменіне қатысты зерттеу жүргізген. Зерттеушілер мұндай сезімнің бар екенін жоққа шығарып отыр.
Осы зерттеу нәтижесі бойынша, 49 жағдайда адамдар бір көргеннен ғашық болу сезімін бастан кешкендерін жеткізген.
Ғалымдардың байқауынша, кездесу мен танысулар барысында белгісіз адам қаншалықты сымбатты көрікті болғанына байланысты қатысушылар серіктеріне деген ғашықтық сезімінің пайда болғанын айтқан. Алайда, мұндай ғашықтық сезім көп жағдайда жауапсыз болған.
Демек, адамның бір көргеннен ғашық болуы жәй ғана құмарлық пен ынтықтық сезімдеріне байланысты.
Кейде естіп жатамыз, қыздар жігіттерге немесе жігіттер қыздарға "бір көргенен ғашық болдым"-деп айтып жатады. Ойланып қарасаңыз, ешбір қисыңға келмейді. Тіпті, сол бір алдамшы, жағымды сөзге сенудің өзі ақымақтық. Әрине, бір көргенде сұлулығына көзі түсіп, бір сәтке журегінің дүрсілі жиілеп кетуі мүмкін, дегенмен ол сезімді ғашықтық деп айтуға келмейді. Себебі, бір көргеннен адам бойындағы асыл немесе жаман қасиеттерді танып, бағалай білу үшін, жан баласына кем дегенде бірнеше рет кездесіп, сырласуы қажет деп ойлаймын.
Санамызға қалыптасып қалған сол бір ойдың арбауынан ұнату мен ғашық болудың ара жігін ажырата алмай жүрміз! Жай ғана мысал келтіріп көрейін:" Ол жан ұнатып қалса, сол алдамшы сезім басылғанша пайдаланады. Егер, жақсы танып, сол жан туралы бәрін білген адам, ол жанды ермек қылмай, қорған бола біледі. Шын ғашық адам ол жанға ешқандай зиянын тигізбейді"-деп білемін. Менің бұл сөзіме қазақ поэзиясының асқақ шыны Мұxтар Шаxановтың айтқан асыл сөзі арқау болады. Ол кісі былай деген екен:
"Ғашық адам сүйгеніне өзінің,
Жаманшылық ойлай ма екен сірә да."
"Бір көргенен ғашық болып қалдым"-деген әсерлі сөз қай қыздың болмасын құлағына жағымды естіледі. Аңқау, ақкөңіл қызды өз арбауына түсірудің бірден бір жолы деп айтсам қателеспеймін. Жақсы сөздермен арбап, алдау қу әрі ұлы сезімді қадірлей алмайтын жандар ғана айтуы мүмкін. Бір көргеннен ғашық болдым деп айтудың орнына "ұнатып қалдым" деген жөн шығар. Бір-бірін ұнататын жандарды "ғашықтар" деп айту қателік.
Сезіміңіздің қай деңгейде екенін білмей жатып, өмірдегі ең маңызды шешімді қабылдауға асықпаңыз!