0 дауыс
738 көрілді
Мен декреттік демалыс аякталмай балам 8 айында жумыска шыктым. Енді жумыс істегеніме 6ай болды. Осы жумыс аралыгына мектептен толык отпуск 56кун беріледі ма?

1 жауап

0 дауыс

Сарапшы мамандардың айтуына қарағанда, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 192-бабына сәйкес, әйелге, қалауы бойынша, жүктiлiкке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тiкелей одан кейiн не балаға күтiм жасауға арналған демалыс бiткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.
Жұмыс берушімен келісім бойынша еңбек демалысы толық немесе нақты жұмыс атқарған уақыт үшін беріледі.
Кодекстің 104-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс стажына:
1) нақты жұмыс iстелген уақыт;
2) қызметкер нақты жұмыс iстемеген, бiрақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт;
3) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты нақты жұмыс iстемеген уақыт;
4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс iстемеген уақыт қосылады.
Кодекстің 100-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгiлi бiр күнтiзбелiк күндер санына берiледi.
Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібі «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1394 қаулысымен (бұдан әрі – Ереже) айқындалады.

...