0 дауыс
553 көрілді
Бойым 1.34 не ыстесемде өсер емес

1 жауап

0 дауыс
Жасына және жынысына байланысты адам бойының өсу сатылары әр түрлі болады.

Мысалы, әйелдерде 19-20, ерлерде 25-26 жастарда бойдың өсуі тоқтайды. Бұдан соң жасы 50-ден асқаннан кейін еркектердің де, әйелдерді де бойы әрбір он жылда 1-1,5 см шөгіп отырады.

Адам бойының өсуіне түрлі жағдайлар әсер етеді. Ересек адам бойының орташа мөлшері: ерлерде 165 см, әйелдерде 154 см. Адам бойы орташа мөлшерден кем не артық болуы көпшілік жағдайда әр түрлі аурулардың салдарынан болады.

Адамның, әсіресе жас балалардың, дұрыс тамақтауы, ішер астың құрамы мен сапасы да бойдың өсуіне әсер етеді. Күнделікті тамақта витаминдер жетіспесе, немесе ағза ашықса, не бір ауруға шалдықса, бойдың өсуі тоқталып қалады. Адам бойыны өсуі дене шынықтыруға, ой еңбегі мен дене еңбегі дұрыс ұштастыруға да байланысты.

Кейбір жағдайларда, бойыңның өсуі немесе өспеуі ол генге байланысты тоқтап қалады, яғни ата-анасының бірінің бойы аса болса, ол балаға беріледі.
...