0 дауыс
724 көрілді
... Молда өзінің алдында отырған баланың есіл-дерті басқа жақта екенiн бiрден сезiп қалды да, ақырын орнынан тұрып, Бабырдың жанына келді. Бабыр суретті жасырып үлгiрмеді.
– Адамның суреті ме?! – деп мударрис зiлдене сөйледі. – Сіз қасиетті құран сөздерін тындаудың орнына, шариғат қатал тыйым салған қайдағы бір суретшiлiк өнерiмен айналысқаныңыз қалай, мырзам?
– Мәртебелі ұстаз, бұл суреттi мен салғам жоқ. Мұны маған Гераттан әкеліп берді. Бұл ұлы адам – Мір Әлішер ғой.
Молда Науаиды шайыр деп есіткен, бiрақ шығармаларын әлi оқымаған едi.
– Адамның суретін салып, оны тарату құдайдың қарғысына ұшыраған жын-шайтанның iсi! Қане, қолыңыздағы суретті маған беріңізші, әмірзадам! Берiңiз!
Мударрис мына түрiмен ашу үстінде суретті быт-шыт етiп паршалап тастаудан да тайынбас еді.
ТАПСЫРМАЛАР:
1. Берілген мәтін қайсы шығармадан алынған? Шығарманың атын, жанрын және идеясын анықта. (Білу)
2. Мәтіндегі ерекше көрсетілген сөздердің мағыналарын түсіндір?  (Білу)
3. Шығармадағы “Молда өзінің алдында отырған баланың есіл-дерті  басқа жақта екенiн бiрден сезiп қалды да, ақырын орнынан тұрып,  Бабырдың жанына келді”, деген сәтте бала Бабыр не туралы ойланып отыр   еді? (Қолдану)
4. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемдердегі тыныс белгілерінің қойылу  себебін түсіндір. (Қолдану)
5. Шығармада бейнеленген тарихи кезеңде неліктен суретшiлiк өнерiне  қатаң тиым салынған еді? (Пайымдау)

1 жауап

0 дауыс
Мәтін Пірімқұл Қажіровтың жұлдызды түндер шығармасынан алынған

Ұқсас сұрақтар

...