Түс көру - қиял процесінің ұйқы кезіндегі енжар бейнесі. Түс көруді физиологиялық тұрғыда түсіндірген академик И.П.Павловтың пікірі бойынша ұйқы кезінде ми клеткаларының қызметі толық тежелмейді, кейбір бөлімдері ояу қалпындағыдай жұмыс істей береді. Ми қыртысының осындай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Түс түлкінің боғы демекші, түсті кез келген ортада, кез келген адамға айта беруге болмайды. Себебі, түсті қалай жорыса, солай орындалу қауіпі бар.