0 дауыс
633 көрілді
Сол туралы мәліметтер  бар ма?

1 жауап

0 дауыс

Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан елі мен халқының алдындағы басты еңбегі — геологиялық зерттеулердің дамуына қосқан зор үлесі. Оның тікелей басшылығымен елімізде ірі мыс және марганец кендерін өндіру жұмыстары басталғаны белгілі.

Қ.Сәтбаевтың басшылығымен Орталық және Шығыс Қазақстанда қазақ геологтарының ғылыми тобымен заманауи техникалық құралдарды қолдана отырып жүргізген терең де жүйелі зерттеулері 1950 жылдардың басында Қазақстанның геологиялық карталарын аналитикалық жүйелеуге алып келді. Осылай 1955 жылы оның "Орталық Қазақстанның металлогениялық болжам картасының методологиясы, нақты базасы мен негізгі тұжырымдары туралы" атты іргелі ғылыми еңбегі шықты.

Кенді Алтай кенорны бойынша ғылыми тұжырымдар мен зерттеулерді басшылыққа ала отырып, Қ.Сәтбаев Шығыс Қазақстан үшін түсті металдар кендерін кешенді пайдалану бойынша зерттеулерін қорытындылады.

Темірғали КӨКЕТАЕВ. Қоғамдағы көп жұрттың бірі білсе, бірі білмес. Кейінгі буынның тіпті танымайтыны анық. Алайда оны физика-математика саласының әлемдік ғалымдары жақсы білетіні сөзсіз. Өйткені оған шетелдік ұйымның ұсынысымен 25 жыл бойы зерттеп ашқан «Қатты дененің абсолюттік спектроскопиясы» атты жаңалығы үшін «Outstanding people of the 20 th century» (қазақшасы: XX ғасырдың көрнекті адамы) атағы берілген. Бұл – бір ғасырда бір рет қана берілетін атақ.

Қайша АТАХАНОВА. Біз қоршаған ортаны қорғауға соңғы жылдары ғана баса мән бере бастағандаймыз. Ал бұл кейіпкеріміз ел егемендігін ала салысымен, яғни 1992 жылы өзінің туған өлкесі Қарағандыда Экология орталығының негізін қалады. Қарағандыдан шыққан биолог, радиациядан пайда болатын генетикалық ауытқуларды зерттеген маман, эко белсенді 2005 жылы қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық Голдман сыйлығын иеленген. Голдман сыйлығы «Жасыл Нобель» деп те аталады. Кейіпкеріміз – 1990 жылдан бері тағайындалып келе жатқан құнды сыйлықты алған жалғыз отандасымыз. 2019 жылы Голдман сыйлығының қаржылай сыйақысы 200 мың долларды құраған.

Уалбай ӨМІРБАЕВ. 30 жылдай мықтылардың өзі жауабын таба алмаған есептің шешімін тапқан математик.

Нагата есебі – афиндық алгебралық геометрия саласындағы күрделі проблемалардың бірі, 3 өлшемнен тұратын есеп. У.Өмірбаев өзінің табандылығы мен тапқырлығы арқылы еркін алгебрадағы Кон және Каргаполов секілді белгілі ғалымдар қойған математикалық мәселелерді шешіп жүрді. Кейін мұнымен де тоқтамай 30 жылдан бері шешілмей келген жапон математигі Нагата проблемасының түйінін тарқатты. Бұл да оған оңайға соққан жоқ. Жапондық Нагата өзінің күрделі проблемалық есебін 1972 жылы құрастырған екен. Осы есепті шешуге әлемнің қаншама ғалымы тырысып көрді. Кейіпкеріміз 10 жылдай еңбектеніп, математикалық жұмбақтың жауабын тапқандай болды. Тек жауабы қарама-қайшылықтарға толы болғандықтан, жұмысын қайта қарады. Әлі де піспеген жұмыс екенін анықтаған ол тағы екі жыл еңбектеніп көрді. Ақыры Нагата есебінің толық шешімін тапты. Математика әлеміндегі осындай күрделі есептерді шешкен еңбектері үшін қазақстандық ғалым 2007 жылы Американың математикалық қоғамының жоғары дәрежелі «Мур» сыйлығын иеленді. 2009 жылы кейіпкеріміздің еңбектері Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылды. Сонда оның ғылыми еңбек жолы мен шығармашылығына қатысты пікір білдірген 19 адамның 17-сі шетелдік ғалымдардан болды.

Жанар ТӨРЕБАЕВА. Алматы облысының Шелек ауылынан шыққан кейіпкеріміз Францияда докторлық дәрежесін қорғады. Еуропалықтарды ғылымда, соның ішінде медицина ғылымында мойындату жеңіл шағылатын жаңғақ емес екені белгілі.

Ж.Төребаева 1990 жылы Петербургтегі медицина институтының «Педиатрия» факультетін тәмамдап, бірден елге оралды. Сол уақыттағы түрлі ұсынысқа мойын бұрмастан Алматыдағы Ғылым академиясына жұмысқа орналасып, сонда жүргенде кандидаттық диссертациясын қорғады. Ғылыми ортада қызмет етіп жүргендіктен, конференциялар, жиындар, жобалар жөнінде баяндама оқулар болып тұратыны белгілі. Сондай бір халықаралық жобаға қатысқаннан кейін, анығы 1999 жылы француз еліне аттанды. Ғылыми ізденісте жүріп осы елде қалып қойды. Кейін Кеңес кезінде алған дипломы Еуропада жарамсыз болып қалды. Сондықтан кандидаттық қорғап қойған кейіпкеріміз интернатурадан қайта өтті. Мұны қанағат тұтпай, аспирантураны бітіріп, 8 жыл дегенде ғылыми дәрежесін қорғап, «Франция медицинасының докторы» атағына ие болды. Ж.Төребаеваның айтуынша, Францияда медицина ғылымдарының докторы атану – өте жоғары дәреже, үлкен жетістік. Мәселен, сол жолы осы дәрежеден үмітті төрт мың шетел азаматы емтихан тапсырыпты. Солардан 100 дәрігер ғана докторантурадағы ғылыми еңбегін қорғай алған. Дипломдардың ішіндегі ең үздігі ретінде кейіпкеріміздің еңбегі бірінші орынға шығып, Францияның заң газетінде жарияланған.

...