Қоңыр выделение келгенде намаз оқып, ораза ұстай аламын ба?

+1 дауыс
4.6k қаралым
Мен ғұсыл алдымда, ораза ұстап таң намазын оқыдым. Кейін бесін кезінде қоңыр выделение бөлінгенін көрдім. Ол кезде оразамды жалғастыра аламба?
• Санаты: Ораза сұрақтар

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Келіп тұрғанын көріп өзіңіз көңіліңізге алсаңыз, аузыңызды ашқаныңыз дұрыс.

Ораза кезінде байқалған етеккір қаны әйелдің оразасын бұзады. Ол күннің қазасын кейіннен өтейді. Етеккірі байқалған әйелдің ораза ұстуына болмайды. Бұл туралы Шейх Атия Сақр: «Хайыз бен нифасы келген әйелдерге қатысты фиқһ ғалымдары мына екі нәрсеге бірауыздан келіскен: біріншісі – оған ораза ұстау парыз болмайтындығы, екіншісі – егер ораза ұстаса, ол оразасы дұрыс болмайтындығы, керек болса, ол ісі күнә болатындығы», – деген.

Имам Нәуаи (р.а) айтты: «Мұсылман үмметі хайыз бен нифас әйелдерге ораза ұстауға болмайтынына әрі ұстаған оразасы да бұзылмайтындығына бірауыздан келіскен. Сол сияқты, кейіннен оразасының қазасын өтейтіндігіне де келіскен. Үмметтің бірауыздан келіскендігін Имам Тирмизи, Ибн Мунзир, Ибн Жәрир және мазхабымыздың ғалымдары жеткізген».

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
127,747 сұрақ
322,319 жауап
153,149 пікір
72,770 қолданушы