Қазақ хандығының құрылуы заңдылық,бірақ себебі қандай

0 дауыс
1.0k қаралым
қазақ хандығының құрылуы заңдылық,бірақ себебі қандай
• Санаты: Тарих сұрақтары
өңдеді | 1.0k қаралым

1 жауап

0 дауыс
Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқы негізінде бірігуі арқылы 15-ғасырдың орта шенінде құрылды.

Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтатуда аса маңызды және түбегейлі шешушi рөл атқарды.

Қазақ хандығының құрылуының себебі:

-Керей мен Жәнібек сұлтандардың Қазақ хандығын құруға ұмтылуы;

-Халық бұқарасының Әбілқайыр ханға наразылығының күшеюі;

-алым-салықтың көбеюі;

-Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңіліп қалуы.

Ұқсас сұрақтар

127,937 сұрақ
322,804 жауап
153,171 пікір
72,927 қолданушы