0 дауыс
557 көрілді
Тәжірибе есебі мен күнделік толтыру үлгісін жіберес аласыздар ма?

1 жауап

0 дауыс

Үлгі

С.Сейфуллин атындағы № 5 көпсалалы мектеп-лицейінің

2023-2024 оқу жылындағы 20.10-09.11 аралығындағы өткізілген  әлеуметтік педагогтың онкүндік

Есебі

Оқу графигіне сәйкес өндірістік (педагогикалық) практиканы 22.10.23-09.11.2023жж. аралығында С.Сейфуллин атындағы № 5 көпсалалы мектеп-лицейінде өттім.

Өндірістік (педагогикалық) практикадан өту барысында практикаға келген күннен бастап мектеп басшылығымен және сынып жетекшімен таныстым. Өндірістік (педагогикалық) практика барысында 8 А сыныбына практикант ретінде бекітілдім. Өндірістік (педагогикалық) практика кезінде өзіме жүктелген тапсырмалар мен танысып, оны іс жүзінде орындай білдім. Атап өтетін болсақ: іс-тәжірибенің бірінші аптасында оқушылармен танысып, мұғалімдердің сабақ өту барысын бақылап, мемлекеттік стандарт, оқу, тақырыптық сабақ жоспары, пән бойынша сабақтан тыс жұмыстардың жоспары, тәрбие жұмысының жоспарларын меңгере білдім.

22.10.23ж. күні Педагогикалық іс-тәжірибенің бірінші күні 8А сыныбына жіберді. Сыныпта 25 оқушы бар екен. Күнделік.кз толтыруды жағын көрсетті. «Психология» пәні бойынша «Психологияға кіріспе» атты тақырыптағы сабағына қатыстым.

23.10.23ж. күні 8А сыныбының «Психология» пәні бойынша практикалық сабағына қатыстым. Оқушылар бір-біріне түрлі сұрақтар қойып сабаққа белсенді қатыса білді.

24.10.23ж. күні 8А сыныбының «Психология» пәні бойынша «Түйсік және қабылдау» атты тақырыптағы сабағына қатыстым.

29.10.23ж. күні 8А сыныбының «Психология» пәні бойынша «Сезім.Эмоция» атты тақырыпта сабағына қатыстым. 

30.10.23ж. күні 8А сыныбының «Психология» пәні бойынша «Даму психологиясының пәні, міндеттері және зерттеу әдістері» атты тақырыпта практикалық сабағын өттім. Сабақты дөңгелек үстел әдісімен өткіздім. Топты үшке бөліп, ол топтардың біріне зейін туралы, екіншісіне түйсік, үшіншісіне қабылдау туралы тапсырмалар беріп жарыс ұйымдастырдым. Жарыс өте тартымды өтті. Соңында үш топқа алғысымды айтып достық жеңгенін мәлімдедім. Сабақ өте қызықты өтті деп ойлаймын.

31.10.23ж. күні 8А сыныбының «Психология» пәні бойынша «Мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуы» атты тақырыптағы сабағына қатыстым. Үйге тапсырма ретінде студенттерге сөйлеу мен ойлаудың арақатынасы неде екендігін анықтап келуді тапсырма берді.

05.11.23ж. күні 8А сыныбының «Психология» пәні бойынша «Тәрбие психологиясы, оқыту психологиясы және педагогикалық іс-әрекет пен ұстаз психологиясы» атты тақырыптағы лекциялық сабағына қатыстым. Үйге тапсырма ретінде студенттерге «Тұлға аралық қарым-қатынас» деген тақырыпта презентация жасап келуді тапсырды.

06.11.23ж. күні 8А сыныбының «Психология» пәні бойынша практикалық сабағына қатыстым. Студенттер үй тапсырмасына берілген презентация жұмыстарын орындап келіпті. Сол презентацияларды интерактивті тақта арқылы көрсетіп түсіндіріп берді. Сабақ өте қызықты өтті.

07.11.23ж. күні 8А сыныбының «Психология» пәні бойынша «Зейін және түйсік» атты тақырыптағы сабағына қатыстым.

Өндірістік (педагогикалық) практика барысында тек сабақта ғана емес, сабақтан тыс уақыттарда, мұғалімдердің іс-қимылын сабақ өту барысын бақыладым.

Мен оқушылармен қызықты ойындар, тренингтер, сайыстар ұйымдастырдым. Менің байқағаным, оқушылармен сабақты түсінікті әрі қызықты өткізу үшін, сабаққа жаңа инновациялық технологияларды қолдана білу қажет екен.

Мен осы практика барысында көптеген мағлұматтар алдым. Мектеп мұғалімдерінен көптеген тәжірибе жинадым.

Практикант:

Практика жетекшісі:

...