0 дауыс
487 көрілді
Қай сыныптан бастап түсуге болады 9немесе 11

 сосын қандай пән бойынша түсуге болады
Болашақ мамандығым трейдинг деп ойлап отырмын

1 жауап

0 дауыс

Трейдинг – арнайы биржадағы саудадан пайда табуға бағытталған жұмыс. Мұндай саудаға қатысушыларды «трейдер» деп атайды. Әдетте трейдингпен қаржысы бар адамдар айналысады.
Трейдингпен кімдер шұғылданады?

Сіздің жақсы жұмысыңыз немесе кәсібіңіз бар делік. Түсетін пайда отбасыңызды қамтамасыз етуге жеткілікті. Сонымен қатар бос тұрған қаржыңыз да баршылық. Бұл қаржыны табысты салаға жұмсауға болады. Банкке апару? Жоқ, қазіргі уақытта банк кез келген банкрот болуы мүмкін.

Үйде сақтау, өзге салаға инвестиция жасау? Мұндай салалардың да өзіндік кемшіліктері бар. Әрі көп уақытты және көп ақшаны қажет етеді. Сіз өз ақшаңызды трейдинг карқылы айналымға сала аласыз. Түрлі активтерді сату және сатып алу арқылы пайданы ұлғайтасыз.

Трейдинг не үшін қажет?

Ең алдымен трейдингтің мақсаты – пайда табу. Трейдинг арқылы қаржыңызды бірнеше есеге көбейтуге болады. Бірақ асқан сақтық пен ақылды қажет етеді. Ақшалы ақымақтар трейдинг саласында аман қала алмайды.

Трейдингте екі жолмен жұмыс істеуге болады: сауданы өзіңіз жасайсыз немесе ақшаны басқаруға беру.

Ақшаны басқаруға берудің де қатері жоғары. Барлығы сізге қандай маман түскеніне байланысты. Трейдер – қарапайым сатушы. Ол арзанға сатып алып, қымбатқа сатады. Ал трейдинг – биржадағы сауда. Демек мұнда сіз клиентпен бетпе-бет сөйлесе алмайсыз. Трейдер тауар бағасын тұрақты сараптап отырады. Бүгін сатуға болатын тауарды анықтап, шешім қабылдайды. Осы тауарға аз ақша жұмсаудың жолын тауып, белгіленген уақыт ішінде одан пайда алуды көздейді.

Қазіргі уақытта трейдинг әрбір үйге енуде. Себебі ғаламтор желісі дамыған сайын кез келген кәсіби желі қолданушысына өзін осы салада сынап көруге мүмкіндік берді. Бұрын трейдингке тек брокерлер арқылы рұқсат алуға болатын еді. Брокерлер барынша үлкен соммамен сауда жасайтын. Сәйкесінше мұндай сауданың қатері де жоғары. Осылайша трейдердің қажеттілігі туындады. Трейдер сауда жасайтын уақытты өзі белгілейді. Түскен пайданы өзіне алып қалады. Арада ешқандай делдал жоқ.

Трейдер болу үшін қажетті қабілеттер қандай?

Бірінші – теориялық база. Сауданың ережесі жайлы білу керек. Жоспар құрып, капиталды бөле алуы тиіс. Биржада орын алып отырған барлық сауданы бақылап, сараптама жасауы қажет. Өзі жасаған саудалардың статистикасын шығарып, кемшілікті анықтай алуы керек.

Трейдингтің түрлері

Қаржылық трейдинг

Бұл биржаның бағалы қағаздармен жұмыс істейтін саласы. Баға сұраныс арқылы белгіленіп отыратындықтан, кәсіби трейдерге нені сатып алу керектігін анықтау қиындық тудырмайды.

Мысалы, бір компанияның акциясы қымбаттады. Бұл акцияның бағасы алдағы уақытта да көтерілуі мүмкін. Трейдер осындай мүмкіндіктерді жіберіп алмай, пайдаланып үлгеруі керек.

Алгоритмдік трейдинг

Бұл трейдинг секундына миллиондаған әрекеттерді сараптап, сату-сатып алу процессін өзі іске асыратын компьютер арқылы іске асады. Сарапшылардың пікірі бойынша мұндай трейдинг тауар айналымының шығынын төмендетеді. Алгоритмдік трейдингтің өзіндік кемшіліктері бар. Ол қысқа уақыттық операцияларды іске асырады. Демек, тауар айналысының аумағы да тар деген сөз. Мұндай операциялар нарықтың құлдырауына әкеліп соғуы мүмкін.

...