0 дауыс
508 көрілді
Шығарманың басында кездескен Ұлпан қандай еді? Не істеді?

1 жауап

0 дауыс
Ұлпан — аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы, сөзі куәлі қоғам қайраткері. Ұлпан ата-анасының тұңғышы мен жалғызы болғандықтан, өте еркін өсіп, еркекшора киінген. Оның сезім байлығы, адамгершілігі, адалдығы, моральдық, тазалығы, ақылдылығы, зеректігі, зерделілігі, парасаттылығы, өткірлігі, өжеттігі келісті де көрікті бейнеленген. Сондай-ақ көркіне мінезі сай биязы да инабатты, сұлу да сымбатты. Ұлпан сөзге шешен, ақылды да, батыл қыз болып өседі. Ұлпанның мінезі де ашық жарқын, ақ көңіл. Әрі өз ой-пікірін ашық, нақты жеткізетін болған. Ұлпан - кең пейілді, адамгершілігі мол Сибан елінің кедей-кепшігіне қол ұшын беретін әйел.

Ұлпан дүние - байлыққа қызықпаған адам. Қадірлі болуы ел қамын, ағайын бірлігін жеке басының бақытынан жоғары қоюынан. Өйткені Ұлпан - Есенейдің отанасы емес, Есеней елінің анасы. Ұлпан -  ауылын ақылымен басқарған, ағайынын сыйластығымен тыңдатқан сұңғыла жан. Жастықтың қызуын ерте сөндірген ауыр тағдырына налыса, жыласа, езілген көп әйелдің, әлсіз жаратылыстың бірі болып қала берер ме еді.
Жазушы Ұлпан бойындағы үш ұлы сезімді оқырман көкірегіне егіп кетті. Біріншісі, Ұлпан болудың арғы түбі әкенің ұл орнына өсірген ақылды, есті қыз болып өсуінде. Екіншісі, әйел-ана болудың зор бақыт екенін сезіне білуінде. Ол жалғыз қызы Біжікенге ғана емес, сол рудың, қарамағындағы қалың елдің баласын бауырына басқысы келетін мейірімнен жаралған болатын. Үшіншісі, ибалы қазақ әйелі қандай ақылды, құдіретті болса да, ер-азаматтан кейін тұруы тиіс деп санайтын нағыз қазақы тәрбиенің, дұрысы, адамгершілік тәрбиесінің қайнары бар еді бойында.
...