Бір жігіт қызына ұрланып барыпты. Оны көрген қыздың шешесі жігітке бір затты лақтырып...

0 дауыс
793 қаралым
Жауабын кiм бiледi екен.

Жұмбақ.
Бір жігіт қызына ұрланып барыпты. Оны көрген қыздың шешесі жігітке бір затты лақтырып қалыпты. Ол лақтырған заттың атауы бес əріптен тұрады, жəне "қазақ" сөзі секілді алға да, артқа да бірдей оқылады екен. Ол зат жігіттің бір жеріне тиеді. Ол тиген жерінің де атауы бес əріп жаңағыдай алдыға да, артқа да бірдей оқылады. Сонда жігіт аулаға қашып шығып, сол жердегі бір құрлыстың ішіне кіріп тығылады. Жігіт тығылған жердің атауы да бес əріп. Олда алдыға артқа бірдей оқылады. Жігіт тығылып тұрса артында біреудің жыбырлағанын сезеді. Шошып кетіп артына қараса, бір мал тұр екен. Кəдімгі төрт түлік малдың бірі. Бір қызығы, ол малдың да атауы бес əріп. Баяғы сол алды артына бірдей оқылады. Ол мал сол кезде бірдеңе жеп тұрады. Міне қызық, ол жеп тұрған жемнің атауыда бес əріп алдына да артына бірдей оқылады. Осы бес нəрсенің атауларын тап.
Ал бас қатырайық. Ми жұмыс істесін біраз. Ал кеттік...
• Санаты: Қызық сұрақтар
өңдеді | 793 қаралым

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Беске бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

127,937 сұрақ
322,814 жауап
153,169 пікір
72,931 қолданушы