Ен биринши адамдар отты ойлап тапкан кезен калай аталады

0 дауыс
362 қаралым
Ен биринши адамдар отты ойлап тапкан кезен калай аталады???
Табиғат

1 жауап

+1 дауыс

Алғашқыда яғни, тас ғасырында (палеолит-ежелгі тас ғасыры, мезолит-орта тас ғасыры, неолит-жаңа тас ғасыры) адамдар өздігінен от жағуды білген жоқ. Олар найзағайдың түсуінен жанған отты пайдаланып, оны өшірмей ұзақ пайдалануға тырысқан. Сосын орта палеолит дәуірінде бірте-бірте өздері жағып үйрене бастаған. Тасты тасқа ұрып, одан шыққан ұшқынмен отынды тұтатты. Ағаш таяқтарды бір-біріне үйкелеп, қыздырғанда, ұсақ жанқалар бықси бастады. Оған жүн немесе өсімдік талшығынан жасалған білтені жақындатқанда, ол тұтанып, от жалынға айналды. Сол кезеңде үңгірлерге айналған ежелгі адамдардың алғашқы баспаналары пайда болды.

Отты пайдаланудың ең көне дәлелі 1,7-2,0 миллион жыл бұрын, алғашқы гомо сапиенс пайда болғанға дейін көп уақыт бұрын пайда болды. 

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
5 жауап
127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы