0 дауыс
560 көрілді
Ассалау мағаликум бәріңізге, сіздерден сұрайын дегенім адам егерде біреудің қарғысына ұшыраған болса онда қалай арылуға болады?!
Мен қазір университет оқимын, бұрын мектепте 11 сынып оқып жүрген кезімде сабаққа кабинетке кірген соң бір досымның қасындағы орынға ең алдымен барып отырған болатынмын, әрбірден соң бір қыз келіп сол орынды босатып өзіне беруін сұрады, бірақ мен көнбей қойдым, өзім алдымен алған орынға өзім отырамын, ешкімге бермеймін деген оймен, қасымда отырған досым да мені қолдап "оған бермей өзің отыра бер" дегендей қолдау сөздерді айтып отырды, сөйтіп ана қыз менің отырған орныма таласып, ал мен бермей біраз дауласып, ең ақырында ана қыз "өмір бойы бойдақ болып қал деп қарғаймын" деді де басқа бір орынға кетіп қалды, қазір ойласам сол қыздың қарғысы тиіп кетті ме деп уайымдаймын, қарғыстан сақтану үшін, сол кезде орын бермей қойғандығым үшін сол қызбен хабарласып кешірім сұрап қояйын десем, ол қыз мектеп бітіргеннен кейін ешбір сыныптастармен хабарласпайтын болып кетіпті, мен де оған хабарлама сөз жіберсем ешбір жауап қайтармай, қоңырау шалсам көтермеді, кешірім сұрайын десем хабарласа алмай жүрмін, сұрайын дегенім: қарғыстан қалай сақтануға немесе арылуға болады?! кешірім сұрамаса бәрібір арыла алмайды ма?!

1 жауап

0 дауыс

Ең әуелі сөз мағынасына үңілсек. Наиб имам болып қызмет атқаратын Мағжан Өмірбеков негізі "қарғыс" деген "лағынет" сөзінің синонимі дейді. Ал ол "қуылу","аластату" мағынасын береді. Яғни жақсылықтан аластату дегенді білдіреді дейді дін өкілі.

Мағжанның айтуынша ислам дінінде қарғыс айтуға мүлде тыйым салынған.

Ал қарғысқа әсіресе біреудің ақысын жеп, жан-жағына қиянат жасап жүретін зұлым жандар ұшырайды дейді. Қарғыс тиген адам өмір бойы бақытсыз болып өтеді. Сол үшін біреудің ала жібін аттаудан барынша аулақ жүру керектігін айтады. Қазақтың "қарғыс алма, алғыс ал" деген тәмсілі осыдан қалса керек.

"Пайғамбардың мынадай бір хадисі бар. Егер пенде қарғыс айтса, ол қарғыс көкке көтеріледі. Содан соң жер шарын шарлайды. Сосын оған аспанның қақпалары жабылады. Кейін ол жерге түседі. Ақыр соңы қарғыс кімге айтылса, ол соған барады. Егер лағынеттелген адам лайық болса, қарғыс тиеді. Лайық болмаса, қарғыс айтқан адамның өзіне қайтады делінген", — дейді Мағжан Өмірбеков.

Қарғысқа ұшыраған соң одан құтылудың жолы да оңай емес. Дін өкілі ол үшін қарғыс алған адам әуелі Құдайдан, сосын өзі қиянат жасаған адамнан кешірім сұрау керек екенін айтады.

Қарғыстың кімнен келгенін табу керек. Сосын ол үшін де Құдайдан кешірім сұрау керек. Бәлкім, сол кезде қарғыс қайтуы мүмкін, дейді наиб имам.

Сондай-ақ Мағжан қарғыстан құтылудың ең бірінші емі — кез келген жамандық атаулыдан аулақ болып, жақсылық жасауға ұмтылу екенін ескертеді.

...