Растрлық редакторды жаз? [жабық]

+1 дауыс
496 қаралым
Растрлық графика жане векторлық графика редакторларын жазу
• Санаты: Информатика

1 жауап

0 дауыс
Растрлық кескін дегеніміз – түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі мен шешімі арқылы анықталады.

Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.    
Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.

Өңдеу редакторлары: Adobe Photoshop, Corel PhotoPaint

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.

Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator  секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

https://surak.baribar.kz/561679/

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
9 жауап
127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы