0 дауыс
1.9k көрілді
Абайдын 43 қара сөзі не мағынада жазылган. Толық мағынасын жаза кетсеңіздер?

2 жауап

0 дауыс
Абай Құнанбайұлының 43 інші қара сөзінде жан мен тәнді салыстырады, яғни сол екеуінің арасында болып жатқан нәрселерді айтады.

Жан қуатының үш жағын көрсетеді: 1. жігер мен сергектік «… болмаса, көп білуге көп оқу оңды пайда бермейді».
2. заттардың бір-біріне тартатын ұқсастық  күшін  білуге құштарлық. 3. «жүректі мақтаншақтық, пайдакүнемдік, жеңілдік, салғырттықпен  кірлетіп  алсаң, жүректің айнасы бұзылады» деп, білудің  және  оны тұрақты дамытудың негізі осы үш ғылымның бастауы қуат көзі деп қарастырады.

Абай жан қуатына үлкен басымдылық беру арқылы тән қуатының да ерекшелігіне толық тоқталады. Жан қуатының азығы тән қуатында, тән қуатының дәулеті күнделікті күнкөріс тіршіліктің байлығы болса, жан қуатының байламы іштей жиналған рухани байлық – ақыл мен ғылым. Ол қолдағы мұз сияқты оны сақтай алмасаң айырыласың. Абай: «Мансап сүйгіштік, мақтаншақтық, ашуланшақтық, өтірікшілдік, …Бір ақыл қуатымен мұны тоқтатып болмайды. Һәм ақыл, һәм қайрат – екі мықты қуат қосылып тоқтатады», – дей келіп, айтылған екі қуаттың бірі болмаса да адам баласы жаман әдетінен құтыла алмайды екен.

Бүгінгі күнде билік жолында жүрген шенді-шекпенділер сырттан келген байлыққа мастанып ішкі рухани байлықпен қарулануға мән бермей «Бір күн үшін дос болып» парақорлықты тіршіліктің көзі деп ұққандар «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстай» алмай «…бір басы қатты асау ат, жүгенсіз тауға ұра ма, тасқа ұра ма, суға ұра ма, жарға ұра ма – құдай білсін» (43 қара сөз) мінген «аттары» заң торына келіп ұрып жатқанын көріп жүрміз. Тәуелсіздіктен кейін ғылым мазмұны жаңа сатыға қарай өзгерді: рухани пәндер қатарына жататын имани тасауф ғылымы қалыптасты, хадис білімдері игеріліп ислам ғибадатына жол ашылды. Шет ел ғалымдарымен байланыс жасалды. Ұлт дүниеқарасын дамыту, тәлім-тәрбие, құлық нормаларын өмірге алып келу, өркениет елге сай етіп тәрбиелеу бүгінгі күннің негізгі мақсаты болып отыр.
0 дауыс
[43-ші сөзі] осы сөзінде Абай атамыз тән мен жанның айырмашылығын атап көрсетіп, бес сезім мүшесі арқылы сырттан келген ақпарат саналы кейде бейсаналы  түрде түпкі санаға келіп түсетінін онда рухани күйге жету үшін де адамның өзіне байланысты екенін атап көрсетіп берген.  Шіркін ай осы дан соң Абайдың ұлылығына қалай бас имеске. Ал, енді мына қара сөзді оқыңызшы Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі — көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші — ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе — күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
...