0 дауыс
584 көрілді
Әділеттілік туралы немесе басқа жағдайды қолданасыз ба бәрі бір?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Махамбет шығармашылығын Кеңес өкіметі кезінде саяси бағытқа бұрып, қоғам ықпалына орай талданды. Ұлы ақынның жырларын байманап, ханпатшаға қарсылық ұғымы шеңберінде ғана бағалауға ұмтылды. Бірақ, тереңірек ойлап ой таразысына салғанда, Махамбет жырларының ұстанған бағыты тереңірек еді. Махамбет қазақ халқының тәуелсіздік туын ұстанған ақын.

Тәуелсіздікке, бостандыққа үндеп, азаматтық еркіндікке ұмтылды. Осы жолда басын тау мен тасқа ұрды. Ашық айтты. Тартынбай сөйледі Поэзияның құдіретті қуат күшіне арқа сүйеп, алыстан сермеді. Туған еліміз, Қазақстан атты мемлекетіміз тәуелсіздікке қолжеткізген тұста, Махамбет жырларының қадірқасиетін қайта қарауға, қайта талдау,басқаша бағалау міндеті алда тұр.

Махамбет туралы тұжырымды ойпікір айту үшін, Махамбеттің құдіретті поэзиясына мағыналы баға беру үшін, ең алдымен Махамбет Өтемісұлының өмірін, Исатай Махамбет бастаған халық көтерілісін, Махамбет поэзиясының ақиқат шындығын, оның өлеңдерінің романтизмін, ең ақырында Махамбет жырларының көркемдік ерекшеліктерін ашып айтпай, Махамбет Өтемісұлысынды ұлы тұлғаны көзге елестете алуымыз мүмкін емес. Ғалым Қажым Жұмалиевтың дерегіне сүйенсек, Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы Батыс Қазақстанда туғандығын, Батыс Қазақстан ол кезде, Бөкей, немесе, ішкі Орда деп аталғандығына көзіміз жетеді.

Жайық пен Еділдің екі арасында өткен өлке еді дейді ғалым. ТайманныңИсатайы да, Өтемістің Махамбеті де Беріш руының перзенті. Батыс Қазақстан поселкасында тұратын, Ерғалиев Құлбайдың айтуынша Өтеміс әулеті: Бекмағамбет, Махамбет, Исмаил, Досмаил, Қожахмет /Ахмет/ Уса, Иса,Хасей Мұса, Ибрайм сынды балалары болған дейді. Махамбеттің әкесі – Өтеміс, атасы – Құлмәлі. Жаугершілік кезде Жайық – Беріш руының батырлары Құлмәліні түрікпеннен қолға түсіріп әкелген деген дерек те бар. Махамбет ақын – шын мәнісінде халқының ұлт азаттығын аңсаған, тәуелсіздігін көксеген, әділет жолына жанын пида еткен тұлға.

Әділет жолындағы бұл іске тегін адам бармайды, жүрегінің түгі бар адам ғана бара алады. Сондықтанда Махамбет ақын: Толарсақтан саз кешіп, Тоқтамай тартып шығарға, Қас үлектен туған қатепті Қара нар керек біздің бұл іске. Қабырғасын қаусатып, Бірбіріндеп сөксе де Қабағын шытпас ер керек Біздің бүйткен бұл іске, – дейді. Бұл әділет жолына бір жола бет бұрған адамның сөзі. Жүрек толқынысы.
0 дауыс

Сіз сұраққа сәйкес жауап беру үшін "Мен Махамбет емеспін бірақ…" тақырыбы бойынша эссе жазуыңыз керек. Әділеттілік туралы немесе басқа жағдайды қолданатын бәрі бір екенін маңызды біліп отырмыз. Осылайша, сіз есептік жазбаның темасы мен мақсаты үшін "Мен Махамбет емеспін бірақ…" тақырыбын беруіңіз керек. Шынымен де, сіз осы тема бойынша сізге негізделген сиқырлы аргументтер мен дәлелдерді пайдалануыңыз керек. Эссенің басында әділеттілік туралы айту кезеңдерін анықтау және мақсаттарын белгілеу керек. Содан кейін, осы мақсаттарды дамыту үшін бір жағдай, аргументтер мен дәлелдер беріледі. Соңында, Қорытынды бөлімінде, сіз сілтеме немесе өткізгіш сөздер арқылы әрекет жоспары немесе өмірде неліктен айтпайсыз болдыңызды түсіндіруге болады.

This answer is given by OpenAI

...