0 дауыс
299 көрілді
Мен кішкентай кезімнен дәрігер болғым келеді. Мен бөпелерді тағы апа-аталарды емдейтін боламын. Мен бәріне көмектісіп емдеймін. Үлкен болған кезімде дәрігер болғым келеді. Мен адамдарға жақсы істеймін көмек қолын беремін.

2 жауап

0 дауыс

Денсаулық – кез-келген адам үшін баға жетпес байлық!  Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Осыған орай әр жылы маусым айының үшінші жексенбісі дәрігерлер күні болып бекітілді. Бұл – жалпыға ортақ мереке. Себебі, әр адам дүние есігін ашқан сәттен бастап, оның денінің саулығы мен амандығына ақ халатты абзал жандарымыз жауапты.

Медицина саласы бірнеше бағытқа бөлінеді:

 - «Жедел жәрдем» мамандары тәуліктің кез келген мезетінде, кез келген қашықтықтағы науқасқа бастапқы диагнозды қойып, алғашқы медициналық көмекті көрсетіп, ауруханаға жеткізеді. Тез кәсіби жәрдем көрсетудің арқасында әл үстінде жатқан адамның өмірін сақтап қалады.

 - Дәрігер-терапевт науқастың талдамаларын алып, оған дұрыс диагноз қойып, оны толық емдеумен айналысады. Науқастың жағдайын күнделікті бақылап, қажетті емдік шараларды қолданады.

 - Дәрігер-хирург бас дәрігердің шешімі бойынша науқастарға түрлі дәрежедегі оталар жасап, әрі қарай да бақылап, қажетті ем қолданып, олардың толық сауығып кетуін қамтамасыз етеді. Шұғыл ота жасап, науқас өмірін аман алып қалу керек болғанда, дамыл таппай, күн-түн демей, жұмыс істейтін сәттер көп болады. Сондықтан хирургтің өзінің физикалық жағдайы осыған сәйкес болуы тиіс.

 - Фармацевт-провизор дәрілік препараттардың құрамын, қолданылуын терең біледі. Дәріханаға ауырып, өз бетімен келетін жандар көп. Соларға керекті дәрілерді алуға кеңес береді. Сондай-ақ дәріхананы алуан түрлі дәрі мен құралдармен жабдықтайды. Бірнеше дәріні қосып, рецепт бойынша дәрілер әзірлейді.

Дәрігер деген – кең ұғым, қастерлі мамандық. Бағалай білген кісілерге медицина қызметкерлерінің тұғыры таймас биік шың. Жалпы медицина қызметкері болу адамға денсаулық, тіпті кейде өмір сыйлау деген сөз іспетті. Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да ауқымды.

0 дауыс
Менің әпкем қазір сол маманды оқыды қазір жақсы қызметкер болып жүр егер сен оны ШЫНЫМЕН болғың келсе сен медицинаны жақсы оқып шық менің әпкемде жақсы  оқып бітіріп жақсы маманда отыр
...