0 дауыс
434 көрілді
Мен ай көрдім ойыны. Бұл ойынды көп адам ойнай беруге болады. Ойында сақинаға әрбір адам қарап ай көруін көрмеуін аитады.

1 жауап

0 дауыс
Ойын   отырып ойнауға өте қолайлы. Ойыншылар екі бөлініп отырып болғаннан кейін, әр топ өздеріне басшы сайлайды.

Әр топты басқарушы өз тобының ойыншыларына барып құлағына сыбырлап, жеке-жеке жасырын ат қояды. (Мысалы, Марат, Болат, Асқар, Серік деген сияқты). Жасырын аттарды айтып болғаннан кейін бастықтар өз орнына келіп отырады. Бір топтың ойыншылары екінші топтың ойыншыларының атын білмеуге тиіс. Сөйтіп, барлығы тегіс жайласып болғаннан кейін бірінші топтың басшысы екінші топқа келіп: «Сіздерден бір «жүйрік» сұрай келдім»— деп топты ажыратады.

Екінші топтың басшысы «Таңдағаныңызды алыңыз»,— дейді. Әлгі таңдаушы ойнаушылардың ішінен көңіліне ұнағанының көзін екі қолымен басып тұрып, өз тобындағы ойнаушылардың бірінің жасырын атын атап шақырады. Ол қай жерден жүріп жеткенін білдірмей, ептеп басып келіп, көзі басулы тұрған ойыншының маңдайына шертіп кетеді. Мұны сездірмес үшін ойыншының көзін қолымен басып тұрған басқарушы шертуші адам отыра бергенде, «Сілкін» деп өз тобына бұйрық береді. Осы бұйрық бойынша олардың барлығы да үстін қағынып, сілкініп, жайласып отырады.

Мұнан соң бастаушы қасындағы ойыншының көзін ашады да: «Кәне, кім шертті?»— деп сұрайды. Жаңағы өзін шерткен адамды ол табуға міндетті. Егер ойыншының атын атап, көрсетіп берсе, ол шертуші адамды өз тобына қосып алады. Ал кімнің шерткенін таба алмаса, онда өзі ол айтқан «жүйрік» болып, көрші топқа кете барады.

Енді бірінші топтың бастаушысы екінші топқа барып, жаңағы сөзді айтып, біреудің көзін басады, өз тобы ойыншыларының бірін жасырып атымен атап шақырады. Ойын жоғарыда айтылған тәртіп бойынша жүріп отырады.

Сөйтіп, ақыры екі топ бірін-бірі ұтып алады. Мұнан кейін ойын қайта басталады.
кетсе, арқадағы ойыншы қашан ұтқыр (тапқыр) жауап бергенше түспейді. Ойын жүргізуші:

«Аң сандық, көк сандық
Аспаннан не көрдің»,— деп сұрақ қояды. Ал арқадағы ойыншы:

«Жұлдыз көрдім, ай көрдім»,— деп жауап береді.

Одан кейін: «Жерден не көрдің?»— деген сияқты сұрақтар беріледі.

Егер ойыншы осы сұрақтарға жауап бере алмаса, онда жеңіледі. Арқалап тұрған ойыншы оны біраз сілкілеп, есін шығарады. Ойын жалғаса береді, балалар кезекпе-кезек ортаға шығып, ойынды жалғастырады. Соңында жеңімпаз атанған екі ойыншы күш сынасады. Жеңген ойыншы мақтау алады немесе сыйлықпен силанады.
...