Шал ақын туралы өлең шығару қажет?

0 дауыс
748 қаралым
Жақында Шал ақын оқулары атты сайыс өтеді?
• Санаты: Өнер
өңдеді | 748 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Қазірде құлағымда ащы зарың
Және де көз алдымда саңырау шалың.
Саңырауға сасық сақал келемеж боп,
Қапада жүргеніңнің білем бәрін.

Қөңілімде мұңыңды айтып ашынғаның,
Жоқ шығар тап сол жерде жасырғаның.
Өн бойың үзілгендей созылып кеп,
Ішінен пәуескенің асылғаның.

Ешкім жоқ мұңыңды айтар менен басқа,
Не өнді, құр жыладың жансыз тасқа,
Алдым деп төрт-бес қара мәз болып жүр,
Сөнбес өрт сала салып қыршын жасқа.

Бұл қайғы мені оңдырмас қоймағанда,
Оңдырар сені қалай ойлағанда.
Тұрмыстың сайлап салған саңырау шалы
Басыңды қайтер дейсің жоймағанда. 

(c) Султанмахмут Торайгыров

127,939 сұрақ
322,826 жауап
153,169 пікір
72,940 қолданушы