0 дауыс
514 көрілді
Аяқтың иісі (шуаш) тұқым қуалайдыма ол неден пайда болады не істеу керек. Сасық иіс мұрынды алып барады.

1 жауап

0 дауыс

Шуаштың негізгі себептері мыналар:

Жабық, тар, мезгілі өтіп кеткен аяқ киім (күздің аяқ киімін көктемде кию, көктемгі аяқ киімді жазда кию) киіп, аяқтың тыныс алуына мүмкіндік бермеу,

Синтетикалық шұлықтар,

Аяққа күтім жасамау,

Күйзеліс, толқу,

Тері аурулары.


Шуаштан қалай арылуға болады?

Ең алдымен аяқ киімді ауыстыру керек. Күн ыстықта табиғи материалдан тігілген ашық аяқ киім киіңіз. Тым құрығанда ауыстырып киетін бір артық аяқ киіміңіз болсын.

Ешқашан синтетикалық материалдан тігілген шұлық кимеңіз. Шұлықты күн сайын ауыстырып, жуып киіңіз.

Аяқ киімді шешкен соң, оған арша жоңқасын салып қойыңыз. Сондай-ақ цеолиті бар арнайы қаптаманы қолдануға болады.  

Аяқ киімнің іші-сыртын кем дегенде, айына бір мәрте жуып тұрыңыз. 

Табанды күніне екі рет сабындап жуып жүру керек. Ұйықтар алдында қанжылым сумен міндетті түрде жуып жатқан дұрыс. 

Ванна қабылдағанда, табанды пемзамен уқалау қажет. Сода ваннасы аяқтағы иісті кетіруге көмектеседі. Ол үшін 2 ас қасық соданы 0,5 л жылы суға араластырып, ваннадан соң, аяқты қанжылым сумен шаю керек. 

Дәріханаларда сатылатын шуашқа қарсы антиперспирант қолданыңыз. Қолыңызда антиперспирант жоқ болса, ас тұзы мен кукуруз крахмалын пайдалануға болады. Аяқты тұзды суға салып жуып, башпайлардың арасына содаға батырылған мақта тығып, ұйықтаңыз. Бұл әдіс аяқтың тершеңдігін төмендетеді. Сондай-ақ шуашқа қарсы кремдер де сатылады. 

Адамның табиғи иісі он екі мүшесі сау болса ғана, жағымды болмақ. Денсаулығында ақауы бар адамның иісі сәйкесінше, жағымсыз болатыны жөнінде айтқанбыз. Жоғарыдағы тәсілдер көмектеспесе, дәрігерге қаралғаныңыз жөн болмақ. 

...