0 дауыс
363 көрілді
Сондай- ақ, газеттің 1 санында қанша көлемді, орташа, қысқа материалдар бар?

Тақырыптарды берудің тәсілдер қандай?
Газет идеологиясы және оның тақырып арқылы көтерілуі

1 жауап

0 дауыс

«Егемен Қазақстан» — Қазақстан Республикасында жарыққа шығатын мемлекеттік ресми баспасөз құралы. Басылым негізінен ресми ақпаратты, жаңадан қабылданған құқықтық актілерді және басқа да ресми ақпаратты жариялайды. Газет 1919 жылдың 17 желтоқсанынан бастап аптасына 5 рет шығарылады. Алғашқы атауы "Ұшқын" болатын.

«Егемен Қазақстанның» алғашқы саны 1919 жылдың аяғында Орынборда жарыққа шықты. Содан бері ұжымдастыру кезеңі де, сталиндік қуғын-сүргін кезеңі де, соғыс жылдары мен соғыстан кейінгі қиын кезең де газеттің тұрақты түрде жариялануына кедергі бола алмады. Тек атауы ғана «Ұшқын», одан кейін «Еңбек Туы», «Еңбекші қазақ», «Социалистік Қазақстан» және соңғы жылдары «Егемен Қазақстан» болып өзгерді.

Бұл газетте қазақ зиялы қауымының негізгі шығармашылығы жинақталған. Олар газетте алғашқы күндерден бастап-ақ жұмыс істеді: алғашқы кезде газетте қазақ зиялыларының күшті шығармашылық тобы жинақталды. Газеттің алғашқы редакторларының бірі Сәкен Сейфуллин болды. Мұнда Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Жансүгіров секілді біртуарлар жұмыс істеді және шығармаларын жариялады.

«Егемен Қазақстан» мектебінен сандаған журналистер өтті. Әрине, уақыт өткен сайын республикада заман талабына сай және күшті болуы мүмкін қазақ тілді жаңа газеттер пайда болды, бірақ «Егемен Қазақстан» әрдайым тұрақты жариялануы мен объективтілігімен ерекшеленеді.

86 жылдың ішінде газеттің кеңсесі түрлі қалаларда орналасты, ең алдымен Орынборда, Қызылордада, содан кейін Алматыда, ал қазір тарихы газеттің сарғайған беттерінде сақтаулы тәуелсіз мемлекетіміздің бас қаласы – Астанада.

Күн көру деген бар. Өмір сүру деген бар. Ішкен ас, киген киімді қанағат тұтып, жанын баққанына жағасы жайлау болып жүре беретіндердің күн көруі мен елмен етене есеюге, мемлекетпен бірге тыныстауға тырысатындардың өмір сүруінің арасында айырма және бар. Әрине, тіршіліктің қатал заңы алдымен күн көрудің қамын ойлаттырады адамға. Соның өзінде де қай заманда болсын, қай қоғамда болсын адамның адамдығы, кісінің кісілігі бәрінен бұрын елім деген, жерім деген, елінің, жерінің қамын жеген перзенттік парызынан, сол сынақтағы парасат-пайымынан танылмақ. Жүз мыңдаған жандардың жеке-жеке сынақ сәттері жинала-жинала келіп, елдік сынына ұласары бар. Қазіргі таңда біздің қазақ дәл сондай сынға түсіп тұр. Ол – ел болудың, ел бола алудың, ел болып қала алудың сыны. Шүкіршілік деп айтайық, сыры да көп, қыры да көп, шарты да шаш-етектен сол сыннан халқымыз абыроймен өтіп жатыр. Азаттықтың азапты да ғажапты сапарына, тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуіне өзімізбен қатар түскен елдердің арасында еңсеміз биік, омырауымыз озық, жер-жаһанның алдында жүзіміз жарқын. Қазақтың атқа қонғаны анық, дүниежүзілік ұлы додаға кеуделей кіргені күмәнсіз. Елбасымыз Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуі керек дегенде осыны ескеріп отыр. Бұл сөзді Нұрсұлтан Назарбаевқа сеніммен айтқызатын жайдың бірі — қазақтың намысшылдығы. Елдің бас басылымының таралым деңгейін елдіктің бір өлшемі деп қарастырсақ, жүз жетпіс мыңдық белестің биігінде қалу соншалықты қиын да болмас. Ендеше, тоқсан жылдан бері ел сөзін салмақпен, сабырмен сөйлеп келе жатқан, әділдіктің, адалдықтың ақ туын аласартпаған бас басылымның алдағы кезде де өз биігінде болуы үшін “Егемен Қазақстанда” еңбек ететін әрбір қызметкер бойындағы барын береріне уәде ете отырып, біз де өз тарапымыздан айналайын ағайын газет бағасы қымбаттағанына қарап халықтық қалпынан, елдік салтынан айнымайды, басылым жанашырларының саны көбеймесе азаймайды.

70- Ақпараттық жанр (журналистика) – газет бетіндегі матермалдар мен радио-, телеэфирінің 50 пайызынан астамын құрайтын журналистикадағы басты жанрлардың бірі. Оған хроникашағын және кеңейтілген ақпараттарсұхбатесепсуреттемерепортаж жатады. Бұлардың бәріне қойылатын талаптар ортақ. Ақпараттық жанр дәлелдер мен дәйектерден тұрады және оның құрамында әдеби көркемдеуіш құралдар қолданылмайды. Күнделікті фактілер туралы баяндайды. Егер аталған жанрды орынды, дұрыс қолдана білсе, онда олардың мүмкіндігі шексіз. Ақпараттағы жанрдағы материалдар субъективті көзқарастан, жеке тұлғаның өзіндік қорытындысынан ада болғандықтан әлем журналистикаысн зерттеушілер оны жарияланымның жоғары формасы деп атайды.

Көркем публицистикалық жанрлар (журналистика) – журналистикадағы ең әдемі жанрлардың бірі.

Тақырыпты талдау үстінде көркем әдебиеттік, сатира, юморлық, публицистика элементтерін тоғыстыра қолданады. Публицистикада бүкіл қоғам мүшелерінің назарын аударатын оқиғалар, мысалдар, типтік фактілерді талдау, сипаттау әдісімен түсіндіріледі. Сондықтан ірі оқиғалар мен құбылыстар публицистің тудырған бейнесі арқылы айқындала түседі. Ал бейне арқылы оқырманға оқиға жайлы толықтай мәлімет алуға мүмкіндік береді. Бұл көркем-публицистикалық жанрларға тән сипат. Әсіресе, очерк пен фельетонда әдеби көркемдеуіш тәсілдер молынан қолданылады).

...