0 дауыс
156 көрілді
Жалғызбасты аналарды үй кезегінен алып тастады дейді қаншалықты рас ақпарат бұл.?Жауап берсеңіздер Толық емес отбасы болып тіркеліп тұрмыз енді кезектен алып тастады дейді?

1 жауап

0 дауыс

Кез келген адам баспана кезегіне тұра алмайды:

-Заң бойынша төмендегі санаттар ғана баспана кезегіне тұрады:

-Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, оларға теңестірілген азаматтар;

-I және II топ мүгедектері;

-мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

-кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар (тізімі мына жерде);

-жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, кәмелет жасқа дейін ата-анасынан айырылғандар;

-қандастар;

-"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;

-көпбалалы отбасылар;

-мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйым қызметшілері;

-жасына байланысты зейнетке шыққан азаматтар;

-толық емес отбасылар;

-экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

-жалғыз тұрғын үйі апаттық жағдайда деп танылған азаматтар.

Бірақ зейнеткер немесе көпбалалы отбасы болу жеткіліксіз, тағы бірнеше талап бар. Атап айтқанда, кезекке тұратын адамдардың атында үй болмауы шарт.

Негізгі шарттар:

-мемлекеттік жалдамалы үйде тұрмау;

-Астана, Алматы мен Шымкенте қалаларында кем дегенде 3 жыл тұру;

-уақытша емес, тұрақты тіркеуде болу.

...