+1 дауыс
6.1k көрілді
Тегінде, адам баласы  адам  баласынан  ақыл,  ғылым,  ар,  мінез  деген  нәрселермен  озбақ  деген  хакім  Абайдың  сөзіне  бұл поэмасы  дәлме-дәл  дәйекті ғибрат мысал  ретінде  берілген.

Ежелгі  Харуан-Рашид  халифа    заманыны  кезінде,  Бағдат  шаһарында  Масғұт  атты  жігіт  көше  бойын  аяңдап  келе  жатып,  сұмақы  ұрының  дәрменсіз  шалды  тонап  жатқанын  көзі  шалып  қалады.  Ойланбастан  ұрыға  тап  беріп,  өзі  ауыр  жарақат  алғанына  қарамастан  шалды  бір  ажалдан  аман  алып  қалады.  Дән  риза  болған  шал  Масғұтты  тау    басындағы  бір    ағашқа    ертіп  барып,  ондағы  өсіп  тұрған  үш  түрлі  жемісті  нұсқайды  да  :"Ағын  жесең-ақылыңнан,  сарысын  жесең-байлығыңнан,  қызылын  жесең-әйеліңнен  асып  түсер  пенде  болмас,  қалауыңды  алғайсың  балам"-деп  бір  тілегін  орындамаққа  бекінеді.

Масғұт  ұзақ  ойланып,  жалғыз  өзім  ақылды  болғаннан  не  пайда?  Егер  дүйім  халық  надан  болса,  бәрі  бір  мені  түсінбес.  Егер  бай  болсам,  қызғаныштан  дұшпаным  артып,  күндестерім  көбейері  хақ.  Одан  да  ашу  шақырғанда    басу  айтып,  өзгелермен  ынтымағымды  жарастыратын  әйелім  болғаны  дұрыс  деген  байламға  келеді.  "Бәрекелді  шырағым,ақыл  мен  дәулет  өзіңде  онсызда  бар  екен!"-деп  манадан  өз  атын  жасырып  тұрған  Қыдыр  ата  ақ  батасын  беріп  кетеді.

(Түйіні: Дүние  дөңгелек,  кез-келген  істің  өз  қайыры  бар.)

Күндердің  бір  күні  Масғұт  уәзір  атанған  шағында,  түсіне  Қыдыр  кіріп:"Пәлен  күні  жауын  жауады,  жеті  күнге  ұласатын  сол  жауын  суынан  кесапат  келер,  алдын  алып,  қамын  жегейсің  шырағым"-деп  аян  берді.Ояна  салысымен  хабарды  тізгін  ұшымен  ханға  хабарлайды.  Мұнан  соң  хан  ордасы  жетерліктей  етіп  таза  судан  қорға  сақтап  қояды.

Айтқанындай  көп  ұзамай  жауын  жауып,  әр  тамшысы  тиген  өзен-көлді  лайлап  жатты.Судан  ауыз  тиіп,  бір  күннің  ішінде  ақылынан  алжасқан  жұрт  тамақ  ішу  мен  ұйқыны  ұмытып,  хан  ордасына  басып  кіреді.  Халықты  сабырға  шақырып  ақыл  айтпақ  болған  ханды  есірген  жұрт  жындыға  балап,  іс-шара  қолдануды  ойластырады.  Сөйтіп,"Ханымыз  жынданды,оны  өлтіруіміз  керек"деп  хан  ордасына  екінші  мәрте  басып  кіреді,  мұны  көріп  қатты  сасқан  хан  мен  уәзір  ақыл  таппай,  не  істерін  білмей,  ақырында  өздері  де  жынды  суды  ішіп,  жынданып  кетеді.  Мұны  көріп  жынданған  халықтың  жаны  жәй  тауып,  қателескен  екенбіз  деп  сабасына  түсіп  хан  ордасынан  тарасады.

(Түйін: Көп  есер  бір  естіні  жынды  қылды,  дәл  осы  мысал  сияқты  көптің  сөзіне  еріп,  хақтың  жолынан  таятындар  қаншама?)

1 жауап

0 дауыс
Абай поэмаларының саны – үшеу. Олар «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі» – аяқталмаған поэма. Ақынның бұл үш поэмасының үшеуі де өзінің туып-өскен қазақ ортасын, олардың тұрмысын, болмысын суреттейтін шығарма емес. Үшеуі де шығыстық дастан-аңыздардан немесе ертегілік тақырыптардан алынған сюжеттерден құралған. Көлемі аз, оқиға сюжеті шағын, Абайдың осы поэмаларының негізгі идеясы мен мақсаты ұстаздық тәрбиелік ойларға арналғанын байқаймыз. Қоғам өмірін жан-жақты кең қамтитын роман-поэмаларға немесе шытырман оқиғалы қызық тартысқа құрылған романтикалық поэма жанрына Абай көп қызықпаған секілді.

Ақын белгілі бір оқиғаларды суреттей отырып, шығарма соңында оқушысын анық бір тәрбиелі ойға жетелейді. Бірінші айтпағымыз «Масғұт» поэмасы.

Поэманың уақиғасы, тақырыбы шығыс халықтарының аңызынан алынғаны байқалады. И.С.Тургеневтің «Восточная легенда» атты қысқа әңгімесі мен «Масғұт» поэмасының бірінші бөлімінің сюжеті басынан аяғына дейін айна-қатесіз бірін-бірі қайталайды. Екеуінде де оқиға шығыс елдерінің бірінде, дәлірек айтсақ, Бағдад қаласында өтеді. Поэмада Абай араб халқының, оның тіршілігін нақты детальдармен кең қамтып суреттеуді мақсат етпеген. Поэма желісі бойынша басты кейіпкердің аты – Масғұт. Ешқандай ерекше қасиеті жоқ, қарапайым халық арасынан шыққан адам. Тіршілік ететін шаһары – Бағдад. Заманы – Һарон Рашид Халифаның тұсы. Кейін Масғұтқа кездесетін қария мұсылман аңыздарындағы Қызыр, қазақша Қыдыр ата. Халық түсінігіндегі Қыдыр ата кейде-кейде бағы жанған адамдардың көзіне көрініп, оларға бақ-дәулет үйлестіруші адам. Адамдардың көзіне әр жағдайда әр түрлі болып көрінетін Қыдыр ата поэмада Масғұтқа жәбір көріп, таяқ жеген бейшара шал кейпінде көрінеді. Масғұт оны ұрылар өлтірмекші болып, жәбірлеп жатқан жерінен құтқарып алады. Бұған риза болған шал, оны ертесіне бір жерге шақырып, бұзылған бір тамға ертіп барады.
Барса тамға бір гүл тұр солқылдаған,

Басында үш жеміс бар былқылдаған.

Бірі – ақ, бірі – қызыл, бірі – сары,

Таңдап ал мен берейін бірін саған.

Ағын жесең ақылың жаннан асар,

Сарыны алсаң дәулетің судай тасар.

Егер де қызыл жеміс алып жесең,

Ұрғашыда жан болмас сенен қашар,-дейді шал.

Шалдың айтқандарын тыңдап, ойланған Масғұт қызыл жемісті алады. Ол ақылдан да, байлықтан да жиреніп қашады.
Абай өзінің бірінші қара сөзінде «Мал бағу (Абай бұл жерде дүние жинап, баюды айтып отыр Н.М.) жоқ, баға алмаймын... қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ. Ғылым бағу(Абай бұл жерде ақылды болуды айтып отыр Н.М.) жоқ, ғылым бағар да, ғылым сөзін сөйлер де адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Мұңданып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі тез қартайтатұғын күйік»- деген Абай, байлық пен ақылдан қашқан Масғұтқа,көп наданның ортасындағы сол өз басының аянышты халін айтқызып отыр. Қызыл жемісті таңдаған Масғұт:

Қызылды жесем,мені әйел сүйер,

Арамдыққа жүрмесем, не жан күйер?

Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса,

Деп едім бір пайдасы маған тиер

Еркектің еркек адам болса қасы
Қатын,шеше,қызы жоқ кімнің басы?

Хан қаһар, қара кісі қастық қылса,

Сонда ұрғашы болмай ма, арашашы?

Тегінде адам басы сау бола ма?

Бойында тексерілмес дау бола ма?

Ері ашу айтса, әйелі басу айтып,

Отырса, бұрынғыдай жау бола ма?

Соны ойлап қызыл жеміс мен таңдадым

Берсеңіз жемек болып бел байладым.

Топа - торсақ бұл сөзді айтқаным жоқ

Басында-ақ  ойлап тегін абайладым.

Масғұт әйелді, ең алдымен адамзаттың қақ жарымы деп түсінеді. Оның ойынша әйел, ол саған жарық дүние сыйлаған – анаң, ол сенің өмірлік серік жарың. Әйел және әйел тегі ол сенің перзентің – қызың! Ол әйелдің достығын ерекше бағалайды. Әйел жынысы ер жынысымен адамгершілік жөнінде тең дәрежеде. Адамгершілік мораль философиясындағы өзі айтпақ болған ойларды гуманист-ақын Абай Масғұт атымен айтады. Поэмада моральдық философиялық ой, оқиға тартысынан емес, ақынның ақылынан туады. Масғұт қызыл алманы жеген соң, поэмадағы келесі оқиғалар, әйел қауымы, әйел достығы туралы болып, өріс алуы шарт еді. Бірақ, Масғұт бар әйел қауымы түгіл, бір әйелдің достығына душар болмайды . Бұл Абайдың «Масғұт» поэмасындағы композициялық тұрғыдан үлкен олқылыққа жол беруі еді. Қызыл жемісті жеген Масғұт әйел достығына кездесудің орнына:

Сол Масғұт Қыдыр шалдан бата алыпты,

Соңында Шәмсі-Жиһан аталыпты.

Мағынасы «бұл дүниенің күні» деген

Жетіліп бізге ғибрат сөз қалыпты,-деп, ол ақыл парасаты арқылы күллі жаһанның яғни күллі әлемнің күні болған ақылды кісі болып кетеді.

Іс-жүзінде ол қызыл жемісті жеген кісі емес, қайта өзі жемеймін деген ақ жемісті жеген кісі болып, үлкен ақыл иесі болып шығады.

Сол Масғұт халифаға уәзір болып жүрген кезінде, түсінде сол баяғы Қыдыр шал аян беріп: «Ей, балам! Күндіз-түні қатты жауын жауады. Сол жауынның суын ішкен адам жеті күн жынды болып, жеті күннен соң қайта оңалады. Жынды болып қалмас үшін көп қылып су жинап ал»-дейді. Уәзір Масғұт мұны патшасына айтып, екеуі көп қылып су жинап алады. Айтқанындай уәделі күні қатты жауын жауып, сол судан ішкен патшалықтағы барлық адам жынды болып, патшаға бағынудан қалады. «Сендер кесапатты жауынның суын ішіп, кеселге ұшырап жынды болдындар»- деген патша мен уәзірді, жынды су ішіп, жынды болып қалған көпшілік өлтірмекші болады. Өлімнен құтыларлық қандай жол табамыз деген патшаға Масғұт: «Жынды судан өзіміз де ішуіміз керек»-дейді.
Толығырақ: https://abai.kz/post/112615

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
1 жауап
...