Сыздауық шығып 2 ай болды кетпей тұр. Не істесем болады?

+1 дауыс
534 қаралым
Сыздауықтың бетін байқамай тырнап жібердім. Сосын тұр 2 айдай болып қалды. Аузы жоқ жан жағы қапқара кетпейді. Ісіп тұр кішкене ауыртады. Хирургқа апарып кестіру керек пе?
• Санаты: Жалпы медицина

1 жауап

0 дауыс
Дәріханадан ихтиол мазін алыңыз. Мақта дискісін төртке бөліп не кез келген кішкене көлемді мақтаға ихтиолды жағыңыз. Ихтиол жағылған мақтаны сыздауықтың бетіне таңып, сантипласт не басқа нәрсемен теріге жапсырыңыз. Мазь сыздауықтың өзегін шығарады да, жара тез жазылады.

Қазақы емдерді де қолдануға болады:

– Жуаны сүтке пісіріп, жараға басса, өзегін тез алады.

– Қойдың майын жағу да тез көмектеседі.

– Кішкене қамыр илеп, жараға таңып, біраздан соң сол қамырды арша, шырша секілді ағашқа түйреп қою.

– Дәкеге құрғақтай кір сабын жағып, жараға таңуға да болады.

Сыздауық бірнеше рет шыға берсе, иммунитетіңіз жарамен күресуге дәрменсіз деген сөз. Ондай жағдайда иммунитетті күшейтетін укол алған дұрыс.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
5 жауап
127,812 сұрақ
322,409 жауап
153,154 пікір
72,854 қолданушы