0 дауыс
731 көрілді
Марс туралы мәлімет. Марс қандай ғаламшар.

1 жауап

0 дауыс

Марс (Қызылжұлдыз) — Күн жүйесінің Күннен бастап санағандағы 4-ғаламшары; Жер тобындағы планеталар қатарына жатады. Орташа диаметрі 6800 км, массасы 6,423.1023кг, орташа тығыздығы 3,93 г/см3, бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 3,76 м/с2, орташа температурасы -60 °С. Марс Күнді эллипстік орбита бойымен 24,2 км/с жылдамдықпен айналады, Күннен орташа қашықтығы 228 млн км (перигелийінде 206 млн км, афелийінде 249 млн км). Марс, Күн және Жердің өзара бірдей қашықтықта орналасуы.

Марс жайлы 20 мәлімет Марста ешқандай тірі жан арнайы скафандрсыз өмір сүре алмайды. 

-Атмосфера қысымының жоғары болғандығынан, адам бірден көз жұмады.

-Көлемі жағынан Жерден 2 есе кіші, ал массасы 10 есе жеңіл. 

-Марстың гравитациясы Жерден төмен. Сондықтан, Жер бетінде 60 кг болған адам, онда 25 кг ғана болады. 

-Марс планетасына ұшырылған ғарыш аппараттарының тек 30%-ы ғана, өз тапсырмасын орындай алды. Қалғандары іс-түссіз жоғалып кетті. 

-Ол ғаламшарда бір жыл – 687 тәулікке созылады. 

-Илон Маск есімді миллиардер, 2025 жылы Марстың бетіне қонамын деген уәде берді. 

-Марс – 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды. 

-Орташа температура – күндіз +30С, ал түнде -80С-ге дейін барады. 

-Ол ғаламшарда болатын дауылдар бірнеше аптаға созылып, желдің жылдамдығы 200км/с-қа дейін барады. 

-Бұл планетада – Эвересттен үлкен таулар бар. Ең үлкен тау – Олимп деп аталады. Оның ұзындығы – 27 километр. 

-Ғалымдардың айтуы бойынша, ежелде онда су болған, бірақ уақыт өте жоғалып кеткен. 

-Атмосфераның 95%-ы көміртегі дуоксиді, 3%-ы азот және 1,6%-ы аргоннан тұрады. 

-Планетаның түсі қызыл болғандықтан, оны Марс есімді, ежелгі Римнің соғыс құдайының атымен атаған. 

-Оны алғаш болып телескоптан көрген адам, әйгілі ғалым – Галилео Галилей. 

-Фобос және Деймос деп аталатын екі серігі бар. 

-Озон қабатының болмауына байланысты, ғаламшарға Күн сәулесінен шығатын радиация таралады. 

-Ең көп әдеби шығармалар және фильмдер осы планетаға арналған. 

-Екінші атауы – Қызыл планета. Марс, Юпитер, Сатурн, Меркурий және Венераны, аспанға қарап, өз көзімізбен көре аламыз. Қазіргі уақытта, қызыл ғаламшарда, өздігінен жүретін 7 робот өмір сүреді.
 

...