0 дауыс
475 көрілді
1) Мәтіндегі сөздердің орфографиялық катесін анықтап, редакциялаңдар. Мәтінді абзацтарға бөліндер. Кейiн үш топ мәтіндеріңді алмастырып, тексерiндер.
2) Қалай ойлайсыңдар, Шыңғысханның айтқан өсиеттерін Мәңгілік ел болу жолында ұстануға бола ма?
3) Бату ханға атасы Шынгысханның айтқан өсиетін әр топ өз iштерiнде талқылап, құптайтындарынды не құптамайтындарынды дәлелдендер! деген пікірді құптаймыз.
Мәтін қайда?

1 жауап

0 дауыс
Қазақ халқында өсиет сөз өте құнды да қастерлі ұғым боп саналады. Олай дейтін себебіміз, халқымызда шаңырақтың иесі әке бақиға аттанар сәтте немесе басқа да қиын-қыстау заманда артындағы ұрпағына аманаттап өсиет айтатын болған. Жарты әлемнің билеушісі болған ұлы қаған Шыңғыс ханның өсиет сөздерін білесіз бе?! Біз мұны халқымыздың классик жазушысы Мұхтар Мағауин атамыздың соңғы шыққан "Шыңыс хан" кітабынан іздеп көрдік. Ендеше, оқи отырыңыз!

Шыңғыс ханның қызы Алағай-бикені ұзатарда айтқаны:

«Жаңа жұртыңа игілік, ізгілік апар. Күйеуің көтерілсе, демеуіш бол, шайқалса сүйеніш бол, тайғанаса таяныш бол. Кісі ғұмыры қысқа, бірақ абыройлы атақ мәңгілік. Ең жанашыр досың – ақыл-парасатың, ең зұлым дұшпан – тежеуіш ашуың. Төңірегінде сеетін дос көп болар, бірақ ең берігі – өзіңнің ақ-адал жүрегің. Дүниеде аялайтын асыл көп болар, бірақ ең қымбаты – өзіңнің өмірің. Адал жүрсең, әрнеден жолың ашық болар. Ақылмен шешсең, ғұмырың ұзара түсер. Қиындықтан қашпа, жаза баспа!» - депті («Алтын топшы» бойынша).

М.Мағауин «Шыңғыс хан», І том, 362-бет.

Шыңғыс хан айтқан...

«Ұлдар – әкелерінің үлгі-өнегесін ұстанбаған, інілер – ағаларын тыңдамаған, күйеулер – әйелдеріне сенім артпаған, әйелдер – күйеулерінің ырқымен жүрмеген, енелер – келіндерін хош көрмеген, келіндер енелерін сыйламаған, үлкендер – кішілерін есіркемеген, кішілер – үлкендердің кеңесін алмаған, бастықтар – өз қызметшілерін ғана жақын тұтып, сыртқары қауымды елемеген, ұлықтар – бар игіліктің басында отырса да ел-жұртын байлыққа жеткізуді ойламаған және ешкімге қайыр жасамаған, әдет-ғұрып пен заңды («жосын мен Жасақты») аяққа басқан, ақылдан азып, тәубасын ұмытқан, сөйтіп өз ұлысының жауы болып шықан жағдайда, ұры-қарылар мен алаяқтар, жалғаншылар мен кәззаптар жарық күнді қараңғы түнге айналдырады, (елдің) бар қазынасы талауға түседі, ат-арып, (азамат-қажып), әскер – қуат-күшінен айырылады, халық – іріп-шіріп, тозғындап, бардан – жоққа айналады» («Жинақты тауарих»).

М.Мағауин «Шыңғыс хан», І том, 354-бет.

Төрт ұлына арнап айтқан және бір сөзі:

«Заңғар таулардан астым, терең теңіздер кештім, таралғы созылғанша, үзеңгі қажалғанша тыным таппадым, қаншама халықты ғұзырыма қаратып, бір ұлыс қылып ұйыстырдым. Енді сендердің кезегің. Талай жұртты аларсыңдар, бірақ тәнін емес, жанын өздеріңе қаратыңдар. Ниет-пейілі сендердің жағыңда болса, аяғы мен басы қайда кетер дейсің» («Алтын топшы).

М.Мағауин «Шыңғыс хан», І том, 356-бет

«Күйкі сезімге бой алдырмаңдар. Әділетпен, ақылмен өкім құрыңдар. Кеудең қабынғанда, ашу-ыза аузыңнан асып төгілмесе, арылдаған арыстанды ырқыңа көндірген есепті. Өзіңді өзің ұстай алмасаң, өзгені қалай билемексің. Алқымға тығылған долығын жеңген адам – дөкей пілді алып жыққан есепті. Тұлдана шатынап жүріп жұртыңды қалай ұстарсың» («Алтын топшы»).

М.Мағауин «Шыңғыс хан», І том, 357-бет.

Ұқсас сұрақтар

...