0 дауыс
530 көрілді
Аяз би жаманның сырт келбеті қандай болады? Осы тақырыпта ақпарат керек?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Хан бұйырған соң, амал жоқ! Уәзірлері өзара ақылдасып, іздеуге кіріседі. Көп іздеп, азап шегіп, шеңгел деген шөпті тауып: «Өзі – тікен, арасынан жүрсе, киім жыртады, мал жемейді екен, шөптің жаманы осы ғой», – деп, шеңгелді алады. Қырғауыл деген құсты тауып: «Үстінде жүні жоқ, ұсқыны келіссіз, құстың жаманы осы екен», – деп, қырғауылды атып алады. Енді адамның жаманын таба алмай, қырық уәзір келе жатса, таудың етегінде, үстінде жыртық тоны, басында тері тымағы бар, бір адам бес-он қойды бағып жүр. Уәзірлер: «Адамның жаманы, сірә, осы болар-ау», – деп тұрғанда, әлгі адам:

— Уа, мырзалар, жол болсын! – деді. Уәзірлер ханның сондай бір жұмысқа жұмсағанын, шөптің, құстың жаманын тауып, ал адамның жаманын таба алмай жүргендерін айтады. Жаман тұрып:

— Түсінікті! Адамның жаманы керек болса, мен боламын, – дейді.

— Олай болса, жарайды, – деп, Жаманды атына мінгестіріп алып ханға жөнеледі. Ханға келе жатып, Жаман:

— Адамның жаманын тауып алдыңыздар, бірақ шөптің жаманы мен құстың жаманын таба алмаған екенсіңдер. Шөптің жаманы - қарақоға, құстың жаманы - сауысқан еді, – деп, уәзірлерге қырғауыл мен шеңгелді тастатып, олардың орнына қарақоға мен сауысқанды алдырған. Уәзірлер мәнісін сұрайын деп еді:

— Хан алдында айтамын, – деп Жаман сөйлемеді.
...