Қыста неге өсімдіктер өспейді?

+2 дауыс
1.2k қаралым
Неге қыста өсімдіктер өспейді? Тек көктемнен бастап күзге дейін өседі.
• Санаты: Биология
санатын ауыстырды | 1.2k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Температура.
Сенің сұрағыңның жауабы температураға байланысты.

0-ден 20 °С-қа дейінгі температура аралығында өсімдіктің тыныс алу, өсуі жақсы болады. 20 °С –тан жоғары температурада тыныс алу қарқындылығы төмендеуі мүмкін.
Әр өсімдік пен олардың органдарының тыныс алуы үшін белгіленген ең төменгі және ең жоғарғы температура бар. Фотосинтезге қарағанда, қыстайтын өсімдіктердің тыныс алуы өте төмен температурада байқалады. Мысалы шырша мен қарағай қылқанында -25 °С төмен температурада зат алмасып, жасыл болып тұра алады.

Салқын ауа райында өсімдік өспейді. Қарапайым қызанақ 15 күнде қызаратын болса, күн мен түн салқындаған сайын олардың қызару күні 15 күн емес 25 күнге дейін созылып кетуі мүмкін.

Қыста өсімдіктер жылыжай мен үйдегі қалыпты температура жағдайында өседі.

Жақсы жауап таңдалды

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
127,939 сұрақ
322,826 жауап
153,169 пікір
72,939 қолданушы