0 дауыс
531 көрілді
Декреттегі адам өз орнына жұмысқа шықты. Декреттік демалыстағы адамнның орнына кірдім. Декретке шықтым еңбек ақысы төлене ма?

1 жауап

0 дауыс
Егер еңбек шартының мерзімі аяқталған күні әйел жұмыс берушіге 12 және одан да көп апта мерзімге жүктілік туралы анықтама және уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру жағдайларын қоспағанда, еңбек шартының мерзімін ұзартуға өтініш берген жағдайда, онда жұмыс беруші бала күтімі бойынша демалыс аяқталғанға дейін 3 жасқа дейінгі еңбек шартының мерзімін ұзартуға міндетті.

Қысқарту. Штат қысқартылған кезде жұмыс берушінің жұмыстан шығаруға құқығы жоқ (ҚР Еңбек кодексінің 54-бабына сәйкес):

жүкті әйелдер;
3 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер;
14 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар (18 жасқа дейінгі мүгедек бала).
Жұмыс берушіні тарату. Компания таратылған жағдайда, жүкті әйелмен еңбек қатынастары бұзылуы мүмкін. Жұмыс беруші қызметкерге 1 ай бұрын алдын-ала жазбаша ескерту жасауы керек. Соның негізінде жұмыс беруші 1 ай үшін орташа жалақы мөлшерінде өтемақы төлейді, сондай – ақ пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы болған жағдайда-пайдаланылмаған демалыс күндері үшін өтемақы төлейді.

Мұндай жағдайларда жүкті әйел міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады (жұмысынан айырылуға, жүктілікке және босануға, бала бір жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылуға әкеп соғатын әлеуметтік тәуекелдер міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады). Әлеуметтік төлемдерді алу үшін тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа (ЗТМО) жүгіну қажет.
...