0 дауыс
243 көрілді
Отбасы болганымызга 25 жыл болды. 1,5 жылдай кездесіп үйлендік. Сондай бір керемет сезім болды ғашық боп шықтым деп айта алмаймын. Оның маган деген сезіміне сеніп қана тұрмысқа шықтым. 21 жасымда. Өзге еркекпен қатынаста болмадым. Бала кезімнен ұстанған принцип адалдық болатын, сол сөзімде тұрдым. Үш баламыз бар. Ересек. Аллаға шүкір, абыройлымын. Қай жерде де. Жұмыста, ағайын арасында, төркінімде, қайынжұртым да тік тұрады. Сыйлымын. Шүкір. Сол адалдық пен жалған сөйлемеудің және қашан да көмекке дайын болганымнан.

Жолдасым туралы. Жас кезінен ерке, кейде өтірік сөздері де болатын. Бірақ өзім бір сөзді азамат деп таныдым. Дұрыс па бұрыс па уакыт корсетер. Арақты жақсы кореді. Кездесіп жүрген кезде оншасын білмеппін. Ең бірінші рет мас боп келгенін коргенімде қорыққанымнан есіктің артына тыгылып калгам. Енем апарып жатқызып тастады. Әрине көңілім түсті. Екінші рет тоже удай мас, маган біртүрлі талаптар қойып, араға енем түсті тагы да , қайынапаммен. Күйеу бас бермейтін бірдеме екен, үйтіп-бүйтіп енем жатқызып тастады тағы да. Мен жылап, өмірімде ондай қорқынышты мас еркек көрмегем. Өз әкем де, агаларым да ондай есерленіп ішпейді екен. Ертеңіне кешірім сурады қайталанбайды деп. Қайдааан...... 25 жыл бойы неше түрін көрдім гой. Таяқтың да түр-түрін жедім.... Құрығанда жүрісім немесе қарағаным ұнамай қалады екен... Мұндай серік..... Қазір қызым тұрмыста. Ұлым ержетіп тұр, Алла қаласа үйленіп калар. Қайынжұртым батасын беріп отырады. Арнайы..Маған...Ризашылықтарын айтады. Күйеуге ол да ұнамайды: Вечно ходишь потакаешь канешно будешь хорошой,-деп сөгеді. Құрысыншы, ол да емес мені ойландыратын. Біреуге ұнамайды деп сыйласпай кетуге қалай болады? Балаларым солардың қаны гой, ағайынан айыргым келмейді.

Намаз оқимын, 4 жыл болды. Таяқ дегеннен көзім ашылды. Бірақ арағын қойган жоқ, кез келген желеумен тойып алуга құштар. Аузына келгенді айтады қазір, сен вахабистсің дейді. Жақында смс алдым. «Мы с тобой на разных лодках, уже давно» деп жазып жіберіпті. Казир уже 2 ай болды, бөлекпіз. Бір шанырақта, бірақ бөлекпіз. «Раз на разных лодках, плыви уже дальше..без меня. Благодарю, что открыл мне глаза» деп жақындатпай қойдым.

Көңілім қалып кетті. Болдым. Шаршадым. Тартып келем,тартып келем. Құрысыншы. Шамалы уакыт өтсін, балаларым да үйренсін, сойлесем олармен де. Ажырасамын деп шештім.

Не бала тәрбиесіне араласып көрмепті, не үй шаруасына араласпапты. Қазір де бірдеңе айтсам бірдене жасайық өзіміз үшін гой деп, мен дайын емеспін дейді гой. Сонгы жылдары ақша табады әйтеуір. Оган да шүкір. Мумкін басқа біреумен көңілі жарасқан болар. Қуанар едім ондай болса. Өзім 7/7 жұмыс жасаган кездерім болды. Семья көтеру жеңіл емес. Күйеудің де киіну-ішінуін котерген жылдарым жеткілікті. Жаман киініп журсе жұрттан ұят дедім. Аллаға шүкір, сол тырмысудың арқасында жаман емеспіз, бір ер-азаматтың тапқанын табамын.
Өзгенің пікірін естігім келеді. Сол үшін жазып отырмын, мумкін жеңілдеп қалармын..

1 жауап

0 дауыс
Мен сіздің өміріңіздегі эмоционалды және отбасылық қиындықтарға толы қиын кезеңнен өтіп жатқаныңызды түсінемін. Ажырасу туралы шешім қабылдау маңызды қадам болып табылады және оны барлық жағдайларды ескере отырып қабылдау маңызды. Бұл жерде заңгерлік кеңес берілмейді, бірақ мен мұндай шешімдер қабылдау қаншалықты қиын екенін түсінемін.

Егер сізде жақын достарыңыз, отбасыңыз немесе кәсіби кеңесшілеріңіз болса, сіз өз сезімдеріңізбен бөлісе аласыз және жағдайды талқылай аласыз, бұл пайдалы болуы мүмкін. Сондай-ақ өз қажеттіліктеріңізге және әл-ауқатыңызға назар аудару маңызды.

Алайда, ажырасу туралы шешім жеке болып табылады және сіздің құндылықтарыңыз бен жағдайларыңызға сәйкес қабылдануы керек.
...