Мына видео эсселерді қарап тастап, 90-шы жылдардан келе жатқан видео ойндардын тереңдігін көріп отырымын, қаншама ой, неше түрлі кейпкерлер, өздерінің мотивациялары, күрделі дүние құрылысы, тарихы. Және ойндардын жалпы дизайны, стилі, әр кейіпкер, локация дизайндары. Қаншама адамның жұмысы/өнері бір ойынға кетті. Шынай әлемнің (философия, ғалым, дін, психология) концептерін біліп, оларды жанадан құрастырылған ойын әлеміне бейімдету, дизайн ойластыру, режиссура, дизайн модельдеу, анимация жасау, код жазу. (ノ◕ヮ◕)ノ*:・゚✧
Әттең, біздің ойын-сауық индустриясы жана ғана бәшпайын қозға бастады, бәрі алда деп үміттенемін. Кітап оқуды ерінемін, тіпті құлшынысым жоқ, бірақ, ойындар шығармай берсе де, тым болмаса аударып жүргенде, қандай импакт болушы еді. Видео ойындар өте интерактивтік, көбі солай шетел тілдерді үйреніп жүр, сонымен қатар кітап оқығандай, мораль, даналық, көз қарас т.б. терең нәрселерді сіңіп алуға болады, тек, барлық нәрседегідей, ол әр ойынға байланысты. Xenosaga ойындары индустриянын шедеврлердін жалғыз үлгісінен алыс, жауһар ойындар толып жатыр, әр өз ерекшіліктерілерімен, бірақ жартысы танымал деп айта алмаймын, тіпті керісінше, геймерлердін көбі арасында мүлде беймәлім. Кез келген басқа өнер түрі сияқты, шедеврлердің көпшілігі белгісіз. ○| ̄|_ =3