Хирург-дәрігер болып жұмыс істеу үшін берік жүйкеден басқа, жақсы білім қажет. Денсаулық сақтау саласының заңнама негіздері, анатомия, жансыздандыру қағидаттары, асептик және антисептик, рентгенология мен физиотерапияны меңгерген болуы шарт. Хирург медициналық аппараттар мен хирургиялық құралдарды пайдалана алуы керек. Хирург дәрігердің қызметі аурудың ауырлық дәрежесі мен сипатына қарай бөлінеді. Мысалы, кідіртуге болмайтын хирургия аурудың ең өткір кезеңінде жұмыс жасайды. Жоспарлы хирургия эндокриндік жүйе органдары ауруларын, бауыр мен өт шығару жолдарын емдейді. Балалар хирургиясы, іріңді хирургия, онкологиялық хирургия, сүйек-бұлшық ет жүйесі мен жалғастырушы тіндер хирургиясы, кәсіби аурулар мен өмірге қауіпті дәрілік патология болып бөліне береді. Қазіргі таңда пластикалық хирургия көпшіліктің сұранысына ие. Тек пластикалық операциямен айналысатын арнайы клиникалар мен орталықтар пайда болып жатыр.