ҚР азаматтығын алу
ҚР-ның «ҚР-ның азаматтығы туралы» Заңының 10 бабына сәйкес азаматтық:
-тууы бойынша;
-ҚР-ның азаматтығына қабылдау нәтижесінде;
-ҚР-ның халықаралық шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша;
-осы Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.
Заңның 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өздерінің өтінішхаттары бойынша осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануы мүмкін.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініштер бойынша шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.
Заңның 16-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығы жеңілдетілген (тіркеу) тәртіппен қабылданады:
Жеңiлдетiлген тәртiппен (тiркеу тәртiбiмен) Қазақстан Республикасының азаматтығына:
-тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын қандастар;
-тұру мерзiмiне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын, өздерінің ерік қалауынан тыс азаматтығынан айырылған немесе оны жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргiннiң ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары;
-Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алатын этникалық қазақтар қабылдануы мүмкiн.
-Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтық алу туралы материалдарды қарау мерзімі өтініш берілген күннен бастап үш айдан аспауға тиіс.
https://egov.kz/ сайтынан