0 дауыс
452 көрілді
Жоғарғы білімім бар. Енді ауылдық жерде мұғалім болып істесем әскерге шақыртыламын ба?

2 жауап

0 дауыс

Бейбіт уақытында әскери шақырудан мынадай азаматтар босатылуы мүмкін:

денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандар.

Қазіргі уақытта соған сәйкес азаматтар әскерде қызмет етуге жарамсыз деп танылуы көзделген аурулар тізімі көзделген. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша дәрігер маман мынадай белгілер бойынша азаматтардың жарамдылық санаттары туралы қорытындыны шығарады:

"А" – әскери қызметке жарамды;

"Б" – кішігірім шектеулермен әскери қызметке жарамды;

"В" – әскери қызметке шектеулі жарамды (келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлеріне қатысты);

"Г" – әскери қызметке уақытша жарамсыз;

"Д" – бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды;

"Е" – әскери есептен басқа әскери қызметке жарамды емес.

27 жасқа толғандар;

туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңiнде қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе І немесе ІІ топтағы мүгедек болып қалғандар;

басқа мемлекетте әскери  (балама) қызметті өткерген;

«Қазақстан Республикасчының арнайы органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51 бабының 9 тармағында көзделген жағдайларды  қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдарында қызметті өткерген;

оқу туралы растау құжаттарын ұсынуда доктор ғылыми дәрежесі барлар;

діни бірлестіктерде тіркелген дін жолындағы адамдар.

Бейбіт уақытта әскери жиындарға шақырудан босатылады:

қорғанысты, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен байланысты лауазымдарда мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін азаматтар;

мемлекеттік, азаматтық және тәжірибелік авиацияның авиация персоналы;

егін және жинау жұмыстары кезінде ауылшаруашылық техникасын жөндеу ұйымдарында және ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін азаматтар;

оқу жылы кезінде күндізгі оқыту нысанындағы білім беру ұйымдарының педагогика қызметкерлері;

күндiзгi нысанда оқытатын бiлiм беру ұйымдарында оқитындар;

әскери міндетті әйелдер;

әскери міндеттілер запастан шығарылғаннан кейін 2 жыл ішінде;

18 жасқа толмаған 3 және одан да артық балалары бар азаматтар;

оларға қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргiзiлiп жатқан немесе сот қылмыстық iсін қарап жатқан адамдар;

Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары немесе жергілікті өкілдік органдар сайлаған әскери міндеттілер.

соттылығы бар азаматтар.

мемлекеттік органдарда қорғанысты, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарда жұмыс істейтін азаматтар; 

мемлекеттік, азаматтық және эксперименттік авиацияның авиация персоналы;

егіс және жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығында және ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу ұйымдарында жұмыс істейтін азаматтар;

оқу жылы кезеңінде күндізгі оқу нысанындағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері;

күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру ұйымдарында оқитындар;

әскери міндеттілер-әйелдер;

әскери міндеттілер запасқа шығарылғаннан кейін 2 жыл ішінде;

18 жасқа дейінгі 3 және одан да көп балалары бар азаматтар;

оларға қатысты алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан немесе қылмыстық істі сот қарайтын азаматтар;

Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттары болып сайланған әскери міндеттілер;

соттылығы бар азаматтар.

Әскерге шақыру мерзімін кейінге қалдыру

Жоғарыда айтылып өткендей, әскерге шақыруды кейінге қалдыру – осы Заңда көзделген негіздер бойынша азаматтарды әскери қызметке шақыру мерзімін ауыстыру.

Мерзімін кейінге қалдыру мынадай жағдайлар бойынша ұсынылады

отбасы жағдайлары бойынша;

білім алуды жалғастыру үшін;

денсаулық жағдайы бойынша;

басқа да себептер бойынша.

Отбасы жағдайлары бойынша әскерге шақырудан кейінге қалдыру мынадай азаматтарға ұсынылады:

басқа адамның көмегiне мұқтаж және толық мемлекеттiк қамсыздандыруға алынбаған отбасы мүшелерiн күтумен айналысатын, сондай-ақ жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде отбасы мүшелерін асырауға мiндетті азаматтарға беріледі.

Басқа адамның көмегiне және күтіміне мұқтаж отбасы мүшелерi:

әкесi, анасы, әйелi, сондай-ақ әскерге шақырылушының ата-анасы болмаған жағдайда, зейнеткер жасына толған немесе І немесе ІІ топтағы мүгедектер болып табылатын атасы мен әжесi, егер олар оның асырауында болса;

ата-анасы болмаған жағдайда, І немесе ІІ топтағы мүгедектер болып табылатын немесе он сегіз жасқа толмаған аға-інілерi, апа-сіңлілері ;

әскерге шақырылушыдан басқа І немесе ІІ топтағы мүгедектер болып табылатын немесе 18  жасқа толмаған бiр және одан да көп балалары бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) тәрбиелеп отырған анасы/әкесi;

өзінің асырауында жасы бойынша еңбекке қабiлетсiз немесе І немесе ІІ топтағы мүгедектер болып табылатын 1 және одан да көп жалғызiлiктi туыстары (әкесi, анасы, аға-інілерi, апа-қарындастары) бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) асырап отырған анасы (әкесi);

І немесе ІІ топтағы мүгедек болып табылатын, екіншiсiн өзi асырайтын және әскерге шақырылушыдан басқа 18 жасқа дейінгі бiр және одан да көп бала тәрбиелеп отырған ата-анасының бiрi;;

Отбасы мүшелерінің біреуі мүгедек және шақырылушы жалғыз ер бала болса;

өзiнiң асырауында   анасыз тәрбиелеп отырған баласы (балалары) бар азаматтар;

ата-анасының қайтыс болуына немесе олардың ата-ана құқығынан айырылуына немесе сотпен бас бостандығынан айыруға сотталуына байланысты кемiнде екi жыл тәрбиесiнде және асырауында болған адамдар бар азаматтар;

некеде тұрған және бiр және одан да көп баласы бар азаматтар болып табылады.

Білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру:

білім беру ұйымдарында жалпы орта білiм алып жүрген азаматтарға – оқу кезеңіне;

тиiстi білім беру ұйымдарында, сондай-ақ басқа мемлекеттердің жоғары оқу орындарында күндiзгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім алып жүрген азаматтарға оқитыны туралы растайтын құжаттарды ұсынған кезде – бiр жоғары оқу орнын аяқтағанға дейiн;

жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiби білім алып жүрген азаматтарға – оқу кезеңіне беріледі;

азаматтар білім алуды тек оқу кезеңінде ғана жалғастыра алады.

Білімін жалғастыру себебі бойынша кейінге қалдырылған азаматтар, білім алу кезінде ғана кейінге қалдырылады.

Білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру қашықтан білім беру технологияларын пайдалану арқылы білім алатын азаматтарға берілмейді.

Денсаулық жағдайы бойынша шақыру мерзімін кейінге қалдыру шақыру комиссиясының шешімімен 1 жылға дейінгі мерзімге ұсынылады.

Басқа себептер бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру:

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнайы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіптік қызметті жүзеге асыратын педагогтерге, барлық жұмыс кезеңіне;

тиiстi бiлiмi бар, мамандығы бойынша ауылдық (селолық) жерлерде тұрақты жұмыс iстейтiн дәрiгерлерге – денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс iстеп жүрген барлық кезеңiне;

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарына;

өздеріне қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргiзiліп жатқан немесе соттар қылмыстық iстерiн қарап жатқан адамдарға – тиiсiнше анықтау, тергеу аяқталғанға немесе сот үкiмi күшіне енгенге дейiн;

тиісті білімі бар азаматтық әуе кемелерінің үшу экипаждарына, азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне азаматтық авиация ұйымдарында барлық жұмыс істеу кезеңіне  беріледі.

кемелер экипаждарының тиісті білімі бар мүшелеріне су көлігі ұйымдарында жұмыс істеген бүкіл кезеңге;

 құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтіп жатқан адамдарға беріледі.

Бұл жағдайда мерзімін кейінге қалдыру жұмыстың барлық кезеңіне беріледі, ал қылмыстық іс жағдайында – сот шешімі бойынша тергеу аяқталғанға дейін ұсынылады.

0 дауыс
Қай жерде жұмыс жасасаң да 27 жасқа дейін шақыра береді әскерге.
...