0 дауыс
326 көрілді
Қазақстандағы селекционерлер туралы мәліметтер керек.

1 жауап

0 дауыс

Ізтелеу Әбуғалиев (16.12. 1930, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы – 27.10.2004, Алматы) – ауыл шаруашылығының ғылымдарының докторы (1976), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1984), профессор (1988), Қазақстан Ғылым Академиясының акадеимигі (1994).

Өмірбаяны

ҚазМУ-ды (1953, қазіргі ҚазҰУ) және осы университтің аспирантурасын (1956) бітірген.

Қазақстан Ғылым Акедемиясының Ботаника институтында (1957–1959, қазіргі Ботаника және фитоинтродукция институты) кіші ғылыми қызметкер

1959 жылдан Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, директоры (1975–1995)

1995 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының академик-хатшысы болды.

Ғылыми жұмысы

1975 жылы «Қант қызылшасының тұқымын өсіруге және оның селекциясына, аймақтық егіншілік жүйесі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Ол Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылымына жаңа бағыттарды – қант қызылшасының селекциясын, биотехнологияны, сорттық агротехниканы, өсімдік генофондын, биометрияны, т.б. енгізді; ауыл шаруашылық дақылдарының (қант қызылшасының, жүгерінің, күздік бидайдың) жаңа сорттарын шығарды. Оның суғарылатын, суғарылмайтын, тәлімі, таулы жерлерде егіс жүйелерін жасауға және ауыл шаруашылықтын дақылдарын өсіру технологиясын жақсартуға арналған ғылыми ұсыныстары мен әдістемелері ауыл шаруашылық өндірісіне енгізілді. Әбуғалиев 260-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 10 авторлық куәліктер мен патенттердің иегері.

Шығармалары

Технология производства и заготовка кормов на пашне, А., 1987;

Безвысадочный способ семеноводства сахарной свеклы, А., 1992;

Поле степного Приуралья, А., 1993.

Марапаттары

Еңбек Қызыл Ту ордені;  «Құрмет Белгісі» ордені медальдармен марапатталған.

***********

Бөлей Жөнақынұлы Демесінов (1943 жылы туған, Түрікменстан, Мары облысы) – селекционер-ғалым, биология ғылымдарының докторы (1984), профессор (1985]), Түрікмен ауыл шаруашылығы ғылым академиясының корреспондент мүшесі.

Башқортостандағы Уфа ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1968).

Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – шөл-шөлейтті жерлерде мал тұқымының өнімділігін арттыру. Оның үлкен бір зерттеу нысаны – Маңғыстау өлкесінде асыл тұқымды Ахалтеке жылқыларын жергілікті Адай жылқысымен будандастырып, сапалы тұқым алу; елтірісі бағалы қаракөл қойын осы өңірде өсіріп, жерсіндіру. Демесіновтің осы мәселелер жөніндегі бағалы ұсыныстары мен ғылыми жаңалықтары Маңғыстау облысы мал шаруашылығында, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ мал тұқымын асылдандыру жөніндегі тәжірибелері ТМД елдерінде кеңінен қолданылады.

***********

Валентин Петрович Кузьмин (5.12.1893, Самара губерниясы Антоновка селосы — 8.5.1973, Целиноград, қазіргі Ақмола облысы Шортанды ауданы Шортанды кенті) – ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1962), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1962), Социалистік Еңбек Ері (1962).

Қазақстанда 1935 жылдан Комаровск МТС-інде (Көкшетау облысы) тұқым өсіруші агроном, Шортанды тәжірибе станциясында (қазіргі Ақмола облысы) селекция бөлімінің меңгерушісі (1936–52), Бүкілодақтық астық шаруашылық ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі (1957–65), сонда ғылыми кеңесші (1965–73) болды.

Негізгі ғылыми еңбектері егіс дақылдары селекциясы, өсімдік өсіру мәселелеріне арналған. Кузьмин Моңғолияның мәдени өсімдіктеріне сипаттама берді; тағамдық дақылдардың Қазақстан жағдайына лайық 40-тан аса сортын шығарды; сондай-ақ қуаңшылық аймақтардағы дақылдардың селекциялық бағытын және тәсілдерін (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1952) зерттеді. Ленин және 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.

**********

Дүйсенғазы Мағауияұлы Мусин (15 шілде 1957 жыл, Семей облысы, Жарма ауданы, Ильинка ауылы) - қоғам қайраткері. Шығыс Қазақстан облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты (2017 жылдан бері).

Өмірбаяны

Еңбек Қызыл Ту Орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (1974) агроном мамандығы бойынша; Қазақ гуманитарлық заң университетін (2004) заңгер мамандығы бойынша бітірген[1].

«Нұр Отан» ХДП мүшесі.

1979 жылдан - В. И. Ленин атындағы ұжымшардың тұқым өсіруші-агрономы, бас агрономы (Семей облысы, Жарма ауданы, Игоревка ауылы)[1].

1985-1988 жылдары - ШҚО Жарма ауданы ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі[1].

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты (1992-1998; 1998-2001).

1993 жылдан - Қазақстан Ленин комсомолы атындағы асыл тұқымды кеңшар директоры (Абай облысы Жарма ауданы Жарық ауылы).

1996 жылдан - «Қалбатау» асыл тұқым зауыты» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (ШҚО Жарма ауданы Жарық ауылы).

2001 жылдан - ШҚО Жарма ауданының әкімі.

2009 жылдың сәуірінен бері - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының әкімі.

2014 жылдың желтоқсанынан бері - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2017 жылдан бастап – Шығыс Қазақстан облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты

Әскери атағы - запастағы полковник.

Марапаттары

«Құрмет» (2007) ордені

Ауғанстан және ҚР шектеулі соғыстар ардагерлері одағының «Ерекше сіңірген еңбегі үшін»

«Тыңға 50 жыл» (2005)

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған

Мәдениет қайраткері

Шар қаласының құрметті азаматы (2002)

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (1999)

Қазақстанның Құрметті спорт қайраткері (2004).

Отбасы

Әкесі - Мусин Мағауия. Анасы - Мусина Сақып.

Үйленген. Жұбайы - Мусина Бақытгүл Мұстафақызы (1959 жылы туған), зейнеткер, «Жасар» ҰШ кәсіпкері.

Ұлы - Мусин Ренат (1983 жылы туған); қызы - Мусина Жанна (1987 жылы туған).

**************

Әнес Алтынбеков (15.3.1909, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы – ө. ж. б. Қызылорда қ.) – күріш өсірудің шебері, агроном, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген агрономы (1969).

Арғын тайпасының Тобықты руының Дадан бұтағынан шыққан.

Қызылорда облысының ауыл шаруашылық өндірісінде 40 жыл еңбек еткен. Аймақтың ауа райы мен жер жағдайын ескере отырып, алғаш 6 және 7 танапты ауыспалы егіс әдісін қолданып, күріш пен беде түсімін 2,5 – 3 есеге арттырады. 1954 – 56 ж. Алтынбеков басқарған топ тәжірибелік танап гектарынан 47 ц күріш жинады. Алтынбеков күріштің Қазалы 168/3, Қызылорда 356, т.б. сорттарын шығарды. 1965 жылдан Қызылорда аймақтық агрохим. лаб-н басқарды.

Еңбек Қызыл Ту ордені және медальдармен марапатталған.

...